Аты аңызға айналған әнші Алла Пугачева Ресей президенті Владимир Путин мен Украинадағы соғысқа қарсы шыққан бірінші жұлдыз емес. Бірақ халық оны ерекше құрметтейді. Пугачеваның ұстанымы Украинадағы соғыс пен Путиннің елдегі өзгеше ойлайтындарды басып-жаншуына қарсы наразылықты күшейтуі мүмкін бе?
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыстан жүзге жуық адам қаза тапты. Екі жақ бұрын-соңды болмаған көлемде қырғынға әкелген оқиғаға бір-бірін айыптайды. Қырғызстан қантөгісті "шекарадағы жанжал" деу орынсыз дейді.
Қазақстан президенті жеті жылға бір мерзімге сайланады, ел астанасына бұрынғы атауы қайтарылып, Конституциялық сот судьясы сегіз жылға тағайындалады. Бұл туралы заң жобасын 16 қыркүйекте парламенттің қос палатасы кезектен тыс бірлескен отырысында едел-жедел екі оқылымда қарап, қолдап дауыс берді.
Саясаттанушы Димаш Әлжанов Азаттыққа сұхбатында президент Тоқаевтың сайлауға асығып, реформаларға келгенде неге жайбасарлық танытатынына тоқталды. Ол "Қаңтар қырғынынан" кейін және сайлау қарсаңында саяси алаң қалай өзгергенін, нәтижесі белгілі сайлауда тосын жайттар болуы мүмкін екенін айтып берді.
Си Цзиньпин Қазақстанға не үшін келе жатыр? Пекин Орталық Азиядағы ықпалын арттыруға тырысып, аймақ Қытай мен Ресей арасындағы бәсеке алаңына айнала ма? Азаттық осы тақырып төңірегінде Қытай және Орталық Азия бойынша сарапшы Темір Омаровпен сұхбаттасып көрді.
Мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы астананың осыған дейінгі атауын қайтаруды ұсынды. Күзде сайлауға түскелі тұрған Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл – жайлы ұсыныс болмақ дейді Азаттықта жұмыс істейтін британиялық журналист шетел аудиториясына арнап жазған мақаласында.
Ресейдің Украинаға басқыншылық жасағанына алты ай болды. Батыстың Украинаны қолдауы бәсеңдеп жатыр ма? Путин мен Зеленский саяси проблемаға тап болды ма? Ресей энергия көздерін тоқтатып, Еуропа жылусыз қала ма? Батыс қару беруді арттыра ма? Кім жеңіп, кім жеңіледі?
Мәскеу түбінде ресейлік оңшыл радикал философ, "орыс әлемінің" идеологы Александр Дугиннің қызы автокөлігі жарылып, қаза болды. Екі күн өтер-өтпесте Ресей федералды қауіпсіздік қызметі 29 жастағы Дарья Дугинаны кім өлтіргенін анықтағанын мәлімдеді.
Тағы