АҚШ-тағы RAND сараптама орталығының сарапшысы, бұрын Пентагонда жұмыс істеген Дара Массикот Азаттыққа берген сұхбатында Украинаның оңтүстігінде Мәскеу мен Киевті не күтіп тұрғанын айтты.
Қытай Мәскеудің Украинадағы соғыстан босамай жатқанын пайдаланып, Ресейдің дәстүрлі ықпал аймағы саналатын Орталық Азияда үстемдігін орната ала ма? Азаттық бұл туралы Лондондағы Қорғаныс зерттеулері біріккен корольдік институтының зерттеушісі Рафаэлло Пантуччимен сөйлесті.
Шілдеде Қазақстан жоғарғы соты екі істе кінәлі деп танылғандарды ақтап шықты. Екеуінде де мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулинннің аты аталған және екеуі де саяси астары бар іс саналған. Атқарушы билікке тәуелді соттың бұл шешімдері қоғамда көп сұрақ тудырды.
Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде партия тіркеуді жеңілдетуге уәде еткен. Бірақ партия құруға талпынғандар кедергі қояды деп билікті кінәлайды. Сарапшылар кейінгі 15 жылда жаңа партия тіркелмеген елде шынайы саяси бәсекеге биліктің өзі дайын емес деп санайды.
Қырғызстан ішкі істер министрлігі Орталық Азияда экстремизм мен терроризм қаупі арта бастағанын мәлімдеді. Халықаралық экстремистік және террорлық ұйымдар аймақтың ішкі кикілжіңдеріне араласуды көздейді дейді министрлік.
"Талибан" қозғалысы Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасы маңында жаңа бақылау бекетін тұрғызып жатыр. Тәліптерді Ауғанстанның заңды билігі деп мойындамаған Душанбе мұны "Тәжікстанға сес көрсету" деп санайды.
Ел ішіндегі наразылықтың төркінін сырттан іздеу Қарақалпақстан оқиғасында да байқалды. Байланысты ажырату, шекараны жауып, елдегілерді қамап, қудалау, сырттан "жау" іздеу Орталық Азиядағы ортақ сипатқа айналды. Мұндай жағдай Қазақстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда болған наразылықта анық көрінді.
Ресей соты Қазақстан мұнайының 80 пайызын экспорттайтын Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) жұмысын "экологиялық заң талаптарын бұзғаны" үшін 30 күнге тоқтату туралы шешім шығарды. Кейбір сарапшылар сот шешімінің саяси реңкі бар әрі бұл қарапайым халықтың жағдайына әсер етеді деп санайды.
Қарақалпақстанда жағдай тұрақтала бастаған, бірақ интернет әлі істемейтіндіктен жұрт "ақпараттық вакуумда" қалғанын айтады. Ташкенттің ел Конституциясына Қарақалпақстанды "егемен" мәртебесінен айыратын өзгертулер енгізу бастамасы жаппай наразылық тудырып, оның аяғы қантөгіске ұласқан еді.
Тағы