Биліктегі ауыс-түйіс, жаңа тағайындаулар кадр тапшылығын көрсетті ме? Орталық Азияны зерттеуші Лука Анчески осы және өзге де сұрақтарға жауап беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрт жылдық билігіне қатысты тұжырымдарын айтты.
Қазақстандағы жаңа саяси маусым президент әкімшілігін қайта құрылымдау мен кадрлық ауыс-түйістен басталды. Жаңа қызметке тағайындалғандардың барлығы – Тоқаев төңірегінде бұрыннан жүрген ескі кадрлар. Президент неліктен тек ескі кадрларға сүйенеді?
Қазақстанда АЭС салу мәселесі жалпыұлттық референдумға шығарылады. Бұл туралы 1 қыркүйекте парламентте президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Бірақ мерзімін айтпады. Бұдан бөлек ол жаңадан екі министрлік құрылатынын, ең төменгі еңбекақы мөлшері көбейтілетінін, экономикаға өзгерістер қажет екенін және басқа да мәселелерді айтты. Ал қоғамда сөз болып жүрген кейбір тақырыпты қозғаған жоқ.
"Ресей мен Қытай әлсіресе, Орталық Азияның әрекет еркіндігі артады" дейді Стэнфорд университетінің профессоры, философ, 1992 жылы шыққан әйгілі "Тарихтың ақыры және соңғы адам" кітабының авторы Фрэнсис Фукуяма.
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Евгений Жовтис Азаттыққа сұхбатында кейінгі 30 жылда елдегі саяси жүйе қалай өзгергені, Назарбаев дәуіріндегі репрессивті әдістердің Тоқаев кезіндегі шектеулерден қандай айырмашылығы бары, болашақтан қандай үміт күтуге болатыны туралы айтты.
Қазақстан елде тұратын қарақалпақ ұлтының өкілдері Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетовке босқын мәртебесін беруден бас тартты. Олар былтырдан бері Өзбекстанның сұрауымен абақтыда отыр. Ташкент бұл азаматтарға "Өзбекстанның конституциялық құрылымына қарсы әрекет жасады" деген айып таққан.
Ауғанстанда тәліптер билікке келгелі Орталық Азияның "Талибан" үкіметімен қарым-қатынасы қалай өзгерді? Террорист ұйым деп танылған "Талибанмен" байланыс орнату қаншалық орынды? Қазақстан Ауғанстанмен экономикалық байланысты арттыруға неге мүдделі? Азаттық журналист Брюс Панниермен осыны талқылады.
Владимир Путин неге өзін патша тәрізді ұстауға тырысады? Ресейдің Украинаға басқыншылығының астарында Путиннің жаңсақ аңыздың жетегіне еріп, славян халықтарын "біріктіруді" көксеуі жатыр ма? Оксфорд университетінде істейтін ресейлік тарихшы Андрей Зориннің Азаттыққа сұхбатын оқыңыз.
Қазақстан астанасының 25 жылдығы мен елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 83 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келді. Бұл күні бұрынғы президент аста-төк той үстінде жүрер еді, бірақ Қаңтар қырғынынан соң абыройынан да, атағынан да айырылып қалды
Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев 9 шілдеде өтетін президент сайлауында өзіне сын айтпайтын, бұйығы үш кандидатты жеңуге дайындалып жатыр. Оған шынайы бәсекелес болғысы келген саясаткердің сайлау процесінен шеттетілуі бұл елде режимнің реформалар туралы уәдесі құр сөз болып қалғанын көрсетеді.
Тағы