Прага метросындағы көлікте отырмын. Күнделікті көрініс. Жолаушылардың көпшілігі газет-кітаптарына үңіліп, кейбірі мен сияқты шетелдіктерге көзінің астымен сынай қарап, тағы бірі тосыннан келген тексерушіге билеттерін көрсетіп жатыр. Кезек маған да келді. Жымия қараған билет тексеруші маған қызмет белгісін көрсетті де, қазақ тілінде «Cәлеметсіз бе?» деп амандасты.