Қазанның 29-ынан бастап АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азия елдерін шарлап өтіп, дүйсенбіде Қазақстанға келеді. Саясаттанушы Расул Жұмалы бұл сапардың мәні туралы ойымен бөлісті.
Қазақстанға екі күндік сапармен Жапония премьері Синдзо Абэ келді. Азаттыққа сарапшы Ләйлә Нұрғалиева екі елдің қарым-қатынасы мен мүдделері жөнінде әңгімелеп берді.
Қазақстан парламенті депутаты Мейрам Бегентаев үкіметтік емес ұйымдар және волонтерлік қызмет туралы заң жобалары жайлы айтты.
АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы елшісі Даниель Баэр бұрынғы Совет Одағы республикаларына «Ресейге тәуелді болып отырмай бермей, АҚШ-пен және Еуропа Одағымен жақынырақ араласу қажет» деп кеңес берді.
Британ зерттеушісі Лука Анчески Азаттыққа берген сұхбатында «Қазақстанның блогсфера және әлеуметтік медиа сияқты бейсаяси цифрлық БАҚ-тары авторитарлық режим билігін күшейтуге көмектеседі» дейді.
Бүгін теңге бағамы еркіне жіберіліп, бір долларға шаққандағы құны 254-ке жетті. Мұның қазақстандықтар өміріне, ел экономикасына әсері туралы Азаттық сауалдарына экономист Ораз Жандосов жауап берді.
Еуропадағы Карнеги қоры сарапшысы, Strategic Europe журналы бас редакторы Джуди Демпси Грекиядағы референдум салдары және оның Еуропа Одағы болашағына әсері туралы Азаттық тілшісінің сұрақтарына жауап берді.
Азаттыққа эксклюзивті сұхбатында Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар Ақаев «революция елдің демократиялық дамуына қарсы айбалтаға айналғанына қынжылатынын» айтты.
Қазақстанның Сириядағы экс-консулы Бабыр Дәуренбек Азаттыққа берген сұқбатында сыртқы істер министрлігімен арадағы дауы туралы айтты.
Досхан Жолжақсынов түсірген «Құнанбай» фильмінің премьерасы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өтпек. Азаттық киноның режиссері, әрі бас рөлдегі актерінен сұхбат алды.
Путиннің бұрынғы серігі, қазір бой тасалап жүрген Сергей Колесников Кремльдегі коррупция, Украинадағы соғыс және Путиннің ядролық қаруды қолданудан тайынбайтыны жөнінде айтты.
Антиядролық «Невада - Семей» қозғалысының жетекшісі, ақын әрі президентшіл саясаткер Олжас Сүлейменов Азаттыққа сұхбат берді. Гептилден басталған әңгіме «Еуразия Одағына кіру Қазақстанды тәуелсіздігінен айыруы мүмкін бе?» деген даумен аяқталды.
Тағы