Осыдан 1 жыл бұрын, 17 мамыр күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінде 25 жастағы жігіт өзін-өзі жарып, бұл қазақ тарихындағы тұңғыш террорлық шабуыл болды. Қазақстандағы өткен жылғы тізбекті террорлық шабуылдар осыдан бастау алды.
Азаттық Радиосының дөңгелек үстеліне қатысқан сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда ешқандай террорлық қастандық болған жоқ, «Халифат жауынгерлері» деген террорлық ұйым мүлде жоқ, оны қауіпсіздік комитеті Интернетке қолдан жасап шығарды.
Келешекте Қазақстанда терроризм пайда болса, ол биліктің діни ұйымдарды жоюға бағытталған террорына қарсы ішкі террор болуы мүмкін, бірақ ұйымдасқан немесе терроршыл ұйымның террорлық шабуылы болмайды, дейді сарапшылар.
Сұлтан хан АҚҚҰЛЫ орыс тілінде жүргізген Дөңгелек үстелдің қысқа жазбаша мәтіні мен аудио нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдай аласыз.