Қазақстанда жаңа 2012 жылғы парламент сайлауында ресми билік және билікке жақын партиялар бұл жолғы сайлау науқаны барысында интеллигенцияны депутаттыққа үміткер ретінде партия тізімдеріне кіргізіп, үгіт-насихат науқанында белсенді пайдаланды. Алайда, олардың бірін де депутаттыққа жібермей қойды.
Пікірталасқа қатысқан жазушы Дулат Исабеков: «Бүгінгі қазақ интеллигенті кімге ерерін, кімді тыңдарын білмей адасты: билік пен партияларға да сенбейді», - дейді. «Әй, сен зиялы болсаң, арың таза болса, қайта сен билікке де, оппозицияға да, халыққа да жол көрсетуің керек, - дейді оған қарсы Сейдахмет Құттықадам.
Енді осы дөңгелек үстелдің қысқа жазбаша мәтіні мен аудио нұсқасын Азаттықтың интернет сайтынан оқып тыңдай аласыз.