Қазақстанда 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауында бюллетеньде "бәріне қарсымын" деген графа болады. Астана мұны сайлаушыға "таңдау еркіндігін" беру десе, тәуелсіз бақылаушылар бұл графа сайлау нәтижесіне еш әсер етпейтінін айтады.
Азаттыққа жасалған DDoS-шабуылдардың астарында не жатыр? Мұны қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлау науқанына "дайындық" деп қарастыруға бола ма? Ақордадан журналистерге жеткіз деп қандай "сәлем" айтқан?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президентті кезектен тыс сайлауды 20 қарашаға белгіледі. Бірнеше күн бұрын ол Конституцияға енгізілген өзгерістерге қол қойған. Азаттық Қазақстанда осыған дейін негізгі заң қалай өзгертіліп, президент сайлаулары қалай өткенін шолып шықты.
Саясаттанушы Димаш Әлжанов Азаттыққа сұхбатында президент Тоқаевтың сайлауға асығып, реформаларға келгенде неге жайбасарлық танытатынына тоқталды. Ол "Қаңтар қырғынынан" кейін және сайлау қарсаңында саяси алаң қалай өзгергенін, нәтижесі белгілі сайлауда тосын жайттар болуы мүмкін екенін айтып берді.
Биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы, келесі жылы мәжіліс сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін, 1 қыркүйектегі жолдауында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Жолдауда Тоқаев бір тақырыптан екіншісіне жиі ауысып, көптеген уәде берді.