20 тамызға қараған түні Украина астанасы Киев жаппай зымыран шабуылына ұшырады. Владимир Зеленскийдің жазуынша, Ресей бірнеше зымыран мен дрон түрін қолданған.
Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Федоров елде соғыс жүріп жатса да, сайлау өткізудің жолын табу керек деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина халқы билікті қашан қайта сайлайтынын Ресейдің әрекетіне қарап шешпеуі керек.
18 тамызға қараған түні Украина Мәскеуға қарай жүздеген дрон ұшырды. Ресейлік медиалар мұны кейінгі екі жыл ішіндегі ең ірі шабуыл деп атады. Ресей қарулы күштері де Украинаның бірнеше өңіріне дрон, зымыранмен соққы жасады. Харьков облысына шабуылдан 10 адам қаза тапты.
Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған.
14 тамызға қараған түні Украина әуе күштері Ресейдегі Усть-Луга портына тағы бір мәрте шабуыл жасады. Тверь облысындағы сауда қоймасы өртенген. Ресей тарабы да Украинаның бірнеше облысына дрон, зымыран ұшырды. Бұдан бөлек Владимир Путиннің Куриль аралдарына сапары ресми Токионың шамына тиді.
Ресей мен Украина өткен түнде бір-біріне жүздеген дронмен шабуыл жасады. Екі елде де адам шығыны бар: Ресейдің Краснодар өлкесінде үш адам, ал Украинаның Одесса облысында жолаушылар пойызының екі қызметкері қаза тапты.
11 тамызда да Ресей мен Украина күштері шабуыл алмасты. Киев Ресейдің Қара теңіздегі портты қаласы Новороссийскіне нысанаға алған. Тұрғындардың айтуынша, шабуыл бірнеше сағатқа ұласқан.
Украинадағы майдан даласында қаза тапқан сарбаздардың сүйегін іздеп, олардың кім екенін анықтауға өмірін арнаған ерікті Алексей Юковты еске алу шаралары өтіп жатыр.
Украиналық дрондар Ресейдің бірнеше өңіріне шабуыл жасады. Воронеж облысында Wildberries логистикалық орталығында өрт шығып, бір адам қаза тапты, тағы екі адам жараланды
Татарстанның Нижнекамск қаласына Украин дрондары шабуылдап, 13 адамның қаза болғаны хабарланды. Татарстан билігі қаза тапқандарға байланысты аза тұту күнін жариялады. Ал Ресей армиясы Украина қалаларына баллистикалық зымырандармен соққы беруді жалғастырып жатыр.
Тағы