Ресейді Украинаға басып кіргендегі қиянаты үшін жауапқа тарту керек дейді Александра Матвийчук. Ол басқаратын "Азаматтық еркіндік орталығы" бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын жеңіп алған. Азаттыққа берген сұхбатында Матвийчук соғыс басталғалы Украинадағы қалыпты өмір құрдымға кеткенін айтады.
Қазақстаннан Украинаға киіз үйлер, сандықтар, генераторлар мен басқа да заттар жөнелтіліп жатыр. Ресей шапқыншылығына ұшыраған елге көмекті еріктілер ұйымдастырды.
Ресей түрмесінде қамауда болған 30 жастағы қырғыз азаматы Аян Әлішеров 2022 жылы 24 қарашада Бахмут түбіндегі шайқаста опат болды. Туыстары марқұм Ресей азаматы емес екенін айтады.
Мәскеуге жұмыс іздеп барып, ұзақ жылдан соң азаматтық алған қырғыздар Ресейден кете алмай жатыр. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Қырғызстанға қайтуға оқталған азаматтар Ресей шекарасынан өтерде "әскери борышты" екенін білген.
Украинаның Киев облысында тікұшақ апатынан 15 адам қаза тапты. Үшеуі бүлдіршін. Әуелі мерт болғандар саны 18, 16 адам деп те хабарланған. Олардың арасында Украинаның ішкі істер министрі мен оның бірінші орынбасары және мемлекеттік хатшы бар. Әзірге тікұшақтың құлау себебі айтылмады.
Украинаға былтыр ақпаннан бері басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан Ресей қарулы күштерін реформалып, әскер санын көбейтпек. Бірнеше ел неміс өндірісінен шыққан танкілерді Украинаға жөнелту үшін Германия үкіметінің келісімін күтіп отыр. Соғысқа қатысты кейінгі хабарларды тілші баяндасын.
Тағы