Азаттықтың Тәжік қызметі зерттеу жүргізіп, Ресейдің Орталық Азия арқылы Украинаға әскер жібергенін анықтады. Сарапшылар бұған Ресей күштерінің соғыста көп шығынға ұшырауы себеп болды дейді.
Азаттықтың Қырғыз қызметі Ресейдің Украинадағы соғысқа Қырғызстан арқылы әскер жібергенін анықтады. Қант қаласындағы ресейлік әскери базаға Ресейдің Тыва өлкесінен 300-500 адам келіп, кейін сол жерден Украинаға кетті дейді жергілікті жұрт. Мұны белсенділер мен тыва сарбаздардың туыстары да растады.
Украина әскерінің соңғы бірнеше күн Харьков облысында қарсы шабуылды күшейтіп, ондаған елдімекенді азат етті. Соңғы бір тәулікте қорғаныс министрлігі 20 ауылға украин туы тігілгені туралы ақпарат таратты.
Өткен аптада Украина күштері Харьковте Ресей күштеріне ауыр соққы жасап, оларды шегіндірді. Соғыс тізгіні Украинаға өтті ме?
Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін деректі фотограф Николай Лосев отбасымен бірге Санкт-Петербургтен Алматыға қоныс аударған. Ол Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанға қалай жеткенін, туған жеріне неге оралғысы келмейтінін айтып берді.
Украина мен Ресейдің соғысып жатқанына 196 күн болды. Киев сарбаздарының қарсы шабуылға шығып, бірнеше ауылды азат еткенін мәлімдеді. АҚШ-тың айтуынша Ресей әскері қазір қаруға мұқтаж, сондықтан Солтүстік Кореядан оқ-дәрі сатып алып жатыр.
Тамызда Ресейден кеткен кіші сержант Павел Филатьев Украинадағы соғыста өзі қызмет еткен бөлімнің жағдайы туралы 141 беттен тұратын кітап жазған. "Ресейліктер "соғысқа қарсымыз" деп айтудан қорықпаса, соғыс тезірек аяқталады" дейді ол.
Фрэнсис Фукуяма – белгілі америкалық саясаттанушы және Стэнфорд университетіндегі Демократия мен заң үстемдігін дамыту орталығының директоры. Ол халықаралық саясат, экономикалық даму және демократия туралы кітаптар мен ғылыми еңбектер жазған.
1 қыркүйекте Украинаның Чернигов қаласындағы оқушылар қираған мектептеріне келді. Наурызда бұл мектеп Ресейдің шабуылынан қираған еді. Оқушылардың сөзінше, бұл мектепте оқыған екі бала сол кезде қаза тапқан.
Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысы әлі жалғасып жатыр. Сарапшылар Ресей әскері Украинаға басып кірген алты айда Совет одағының Ауғанстанда он жыл соғысқандағы шығынына пара-пар шығын көрді дейді. Бұған Ресей президенті Владимир Путиннің армия қатарын толтыру туралы бұйрығының қандай қатысы бар?
Тағы