Саратов тұрғыны Виктор Потапов қыркүйекте ішінара мобилизациядан бір апта бұрын ерікті түрде Украинаға соғысуға кеткен. Үйінде әйелі мен екі баласы қалған. Потаповтың үлкен ұлы – мүгедек. Гүлайым Дербесова күйеуінің соғысқа шарасыздықтан кеткенін айтады.
Ресей Украинаға басып кіргелі 10 айға жуықтады. Қыстың келуімен Ресей басқыншылығының жаңа кезеңі басталды. Сүйектен өтетін суық әскердің жағдайын қиындатып, көп нәрсеге қолбайлау болып отыр. Қыста соғыс әдісі қалай өзгереді? Ауа-райы қай тарапқа басымдық береді?
Дәл қазір Украинадағы соғыста ең қиын әрі кескілескен шайқас Донецк облысы Бахмут қаласы маңында болып жатыр. Екі тараптан да адам шығыны көп.
15 қарашада Польшаның аумағына ракета құлап, екі адам қаза тапты. Сол күні кешкісін Ресей Украина астанасы Киев пен тағы 12 аймағын ракетадан атқылаған еді. Польша билігі сол күні кешке қауіпсіздік кеңесі жиынын өткізіп, жағдайды талқылауға кіріскен.
Ресей мен Украина көп шығынға ұшырап жатқанда, соғыстың енді қалай өрбитінін алдағы қыс айлары көрсетеді дейді сарапшылар.
Украина қарулы күштері 10 қарашада Херсоннан 55 шақырым жерде жатқан Снигирёвка қаласын Ресей әскерінен азат етті. Украина әскерилерін қала тұрғындары жылы шыраймен қарсы алды.
Ресей Днепрдің батыс жағалауынан әскерін әкететінін айтты. Бұл – Украинаның тактикалық жеңісі, Мәскеудің тағы бір сәтсіздігі деп қабылданды. Бірақ сарапшылар Ресейдің неліктен мұндай қадамға барғаны түсініксіз дейді.
Мариупольге Ресей әскері басып кірген соң мерт болғандар жерленген зираттан суреттер.
Тағы