15 қарашада Польшаның аумағына ракета құлап, екі адам қаза тапты. Сол күні кешкісін Ресей Украина астанасы Киев пен тағы 12 аймағын ракетадан атқылаған еді. Польша билігі сол күні кешке қауіпсіздік кеңесі жиынын өткізіп, жағдайды талқылауға кіріскен.
Ресей мен Украина көп шығынға ұшырап жатқанда, соғыстың енді қалай өрбитінін алдағы қыс айлары көрсетеді дейді сарапшылар.
Украина қарулы күштері 10 қарашада Херсоннан 55 шақырым жерде жатқан Снигирёвка қаласын Ресей әскерінен азат етті. Украина әскерилерін қала тұрғындары жылы шыраймен қарсы алды.
Ресей Днепрдің батыс жағалауынан әскерін әкететінін айтты. Бұл – Украинаның тактикалық жеңісі, Мәскеудің тағы бір сәтсіздігі деп қабылданды. Бірақ сарапшылар Ресейдің неліктен мұндай қадамға барғаны түсініксіз дейді.
Мариупольге Ресей әскері басып кірген соң мерт болғандар жерленген зираттан суреттер.
Ресей президенті Владимир Путин Балиде өтетін "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммитіне бармайды. Саммитке Ресей атынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатыспақ. Кремль мұны Ресей Херсон қаласында жеңілген тұста хабарлады.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров пен оның қол астындағылар соғысқа ерікті түрде барғысы келмейтіндерге қарсы медианауқан бастады. Биліктің сөзінше, ішкі істер министрлігі мен ұлттық гвардияда мыңнан астам адамның орны бос тұр.
Украинадағы соғысқа Башқұртстаннан аттанған ондаған адам келісімшартын үзіп, әскери қызметті жалғастырудан бас тартқан. Өткен айда үйіне оралған сарбаздардың бірі Азаттық радиосына соғыста не көргенін баяндап берді.
Ресей Украинаға басып кіргелі 400 мыңнан астам ресейлік өз елін тастап, шетелге қоныс аударған. Олар кемі 14 млрд доллар капитал, біліктілігі жоғары мамандар мен жүздеген бизнес субъектісін өздерімен бірге ала кеткен. Ресей азаматтарын қабылдаған мемлекеттер бұдан экономикалық пайда көріп отыр.
Тағы