Ресей Украина қалаларын әуеден атқылап, маңызды инфрақұрылымдарды қиратып жатыр. Украина да Ресей бақылауындағы аймақтардағы тактикалық орындарға шабуыл жасаған. Қарулы күштер Херсон қаласына жақындап келеді. Қазіргі ахуалды бір шолып шығайық.
Украина күштері Херсон облысының оңтүстігіне шабуылдап жатыр. Херсон қаласын азат ету Украина үшін ірі жеңіс болар еді. Ал Днепр өзенінің оң жағалауынан кетіп жатқан Ресей әскерінің әлеуметтік желіде жариялаған фото-видеолары жағдайдың қалай өрбіп жатқанын аңғартады.
Құқық қорғаушы топтар Ресейдің Орталық Азия азаматтарын немесе екі елдің паспорты бар адамдарды мобилизацияға тарту үшін түрлі айла-шарғыға барып жатқанын айтады. Олардың кейбірін мәжбүрлесе, кейбірін алдап-сулап соғысқа қатыстыруға тырысқан.
Ресейде жуырда ғана мобилизацияға ілінген азаматтардың алды үйіне табытпен оралып, ел ішінде үрей одан сайын күшейіп жатыр. Президент Владимир Путин "ішінара" мобилизация жуырда аяқталатынын айтқанымен, жұрт оған сенбейді.
Мәскеуде Қырғызстан тумасы, Ресейде әскерде болмаған әрі бүйрегі ауыратын 36 жастағы азаматты үйінен полиция мобилизация орталығына апарған. Сол жерде талып қалған ол екі рет жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Ауруханадан шыққан соң мобилизация орталығына барудан бас тартқан азамат қазір тығылып жүр.
Украинадағы соғыс Ресей басқаратын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қарым-қатынасын қиындатты. Олардың кейбірін шекарадағы жанжалдарға Мәскеудің селқос қарағаны алаңдатады.
Ресей басқыншылығы Украинаның шығысындағы бейбіт халықты тығырыққа тіреп, тағдырын тәлкекке салды. Украинаның қарсы шабуылы оларды оккупациядан азат еткенімен, көбінің өмірі күл-талқан болды.
10 қазанда Ресей әскері Украинаның оннан астам қаласына ондаған ракета атты. Президент Владимир Путин әскерилердің ұсынысымен соққы жасалды деді. Саясаттанушы Иван Преображенский Настоящее время арнасына берген сұхбатында Путиннің қалай шешім қабылдайтыны, элита оны сынаудан неге қорқатынын айтты.
10 қазанда Киевте бірнеше жарылыс болды, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Бұл шабуыл Ресей президенті Владимир Путин Қырымды Ресеймен жалғайтын көпірде болған жарылысқа Украинаны айыптаған күннің ертесіне жасалды.
7 қазанда Ресей президенті Владимир Путин 70 жасқа толды. Осы күнге дейін ол оппозицияны басып-жаншып, Украинаға басқыншылық жасаған соң елдің болашағына балта шапқандай болды. Ресей әскерінің соғыстағы сәтсіздіктері мен халық құптай қоймаған мобилизациядан соң жұрттың Путинге көзқарасы өзгеруі мүмкін дейді сарапшылар.
Тағы