21 жастағы Думан Қанатбек Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда оққа ұшқан. Полиция басқармасының тұсынан атылған оқ кеудесін тесіп өткен. Жігіттің қазасы бойынша қозғалған іс тергелместен жабылды. Ал марқұмның өзін биыл мамырда сот екі бап бойынша кінәлі деп тауып, шартты түрде соттады.
Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде қала тұрғыны Жасұлан Анафияевты уақытша ұстау изоляторында азаптап өлтірді деп айыпталған жеті полицейге бес жылдан 10 жылға дейін түрме жазасын кесті. Бұл – Қаңтар оқиғасынан кейінгі азаптау оқиғалары бойынша полицейлерге берілген ең ауыр жазаның бірі.
Құқық қорғаушылар "Ескертусіз қасақана оқ ату" атты есебін жариялады. Олар Қаңтар оқиғасында адам құқықтары өрескел бұзылған деген тұжырым жасап, адам өлімі туралы тоқтатылған және "құпия" деп танылған істердің бәрін ашуды, бейбіт халыққа заңсыз күш қолданғандарды жауапқа тартуды талап етті.
Қаңтар оқиғасынан соң қамалып, кейін ісі тоқтап, босап шыққандарға билік өтемақы төлей бастады. "Ар.Рух.Хақ" құқық қорғау ұйымы жетекшісінің сөзінше, өтемақыға төрт адам сот арқылы қол жеткізген және тағы төрт адамнан прокуратура кешірім сұраған.
Алматы соты Қаңтар оқиғасы кезінде қала орталығында оққа ұшқан бес адамды "жаппай тәртіпсіздікке қатысып, мемлекеттік нысандарға шабуылдаған" деп таныды. Марқұмдардың туыстары үкімге келіспей, оларды ақтауды талап етіп отыр.
Кемі 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасына байланысты Алматыда қойылған "Тағзым" мемориалына қанша қаражат жұмсалғаны әлі белгісіз. Жергілікті әкімдік "ақпарат құпия" деп отыр. Алайда ақпарат министрлігі Алматы әкімдігі заң бұзып отыр дейді, министр сотқа жүгінуге кеңес берді.
Қанды қаңтар кезінде Алматыда оққа ұшқан 32 жастағы Нәзір Ізмұхамедовтің қазасы жұмбақ күйінде қалды. Марқұмның туыстары бір жылдан бері қылмыскерді таба алмай келеді. Анасы ұлы жұмыс істеген ведомство марқұмды қызметкерлер қатарынан шығарып тастағанына қапалы.
33 жастағы Нұрлыбек Көпжасаров Қызылордадағы Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан. Оның қарт шешесі қазаға кімді кінәларын білмейді. Тергеу екі айдан соң істі қысқартып тастаған.
Қаңтар оқиғасында ері қаза тапқанда, 10-нан астам әйелдің құрсағында нәресте болған. Сол сәбилердің алды бір жасқа толды. Оқиғадан бір жылдан астам уақыт өткенде, осы әйелдердің кейбірі қандай сынақтан өткенін әңгімелеп берді.
Тағы