30 наурызда Алматыда "Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу" ісі бойынша бес адамның соты басталды. Олар тағылған айыпты мойындамайды. Судья істі алқабилер қарауына беруді, абақтыда отырған төрт адамды үйқамаққа ауыстыруды, процесті қазақша жүргізуді сұраған адвокаттардың өтінішін орындамады.