Орталық Азияда егде жастағы ата-анаға қарау қасиетті борыш саналады. Ал қарттар үйіне көзқарас әлі де жағымсыз күйде қалып отыр. Бірақ аймақ елдерінің халқы қартайып жатыр, ал деменция, Альцгеймер, инсульт ауруларына шалдыққан адамдарға күні-түні күтім керек.
Кейінгі жылдары Қазақстанда қазақ тілін үйренуге ықылас білдірушілер саны артты. Жер-жерде тіл курстары, клубтар ашылып, жұмыс істей бастады. Солардың бірнешеуіне барып, қазақ тіліне деген құлшыныстың себебін іздедік.
АҚШ пен Израиль Иранмен мәмілеге келудің негізгі жолы – ондағы байытылған уранды елден шығару деп отыр. Әрі оны Ресей не Қытайға шығаруды құптамайды. Жуырда МАГАТЭ басшысы Иран уранын Қазақстан қабылдауға дайын екенін айтты. Бұл ұсыныстың артында не тұр? Оған елдің дайындығы қандай? Зерттеп көрейік.
Amanat-ты жаңа құрылған "Әділетке" қосу жөнінде Ақорда тапсырма берді ме? Бұл Тоқаевты үшінші мерзімге сайлау алдындағы дайындық емес пе? Ертең бұл партияның да артынан "Тоқаевтың құлағы шығып тұр" деп айтпасына кім кепіл? Amanat партиясының өкілі, мәжіліс депутаты Айдос Сарыммен сұхбат.
Биліктегі Amanat партиясы съезінде "президент айналасындағы прогрессив күштерді біріктіру үшін" мамыр айында ғана құрылған "Әділет" партиясына қосылатынын мәлімдеді. Партиялардың бірігуінен Қазақстанның саяси өмірінде қандай өзгеріс болуы мүмкін? БСаяси сарапшы Дос Көшімнің пікірін білдік.
Тағы