25 қыркүйекте өтеді деген митинг қарсаңында Қазақстанның түрлі аймағында белсенділер ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды. Құқық қорғаушылардың есебінше, соңғы үш күнде жүзден астам белсенді қамалған. Жұма күні таңнан бастап бірнеше аймақтағы белсенділердің үйіне полиция келіп, әкетіп жатыр.
Санкт-Петербургте бір топ суретші Беларусьте президент сайлауынан соң наразылыққа шығып жүрген шерушілерді қолдап, мурал салды. Олар полицияның көзіне түспеу үшін түнде жұмыс істеген.
Алматы маңындағы екі мыңдай адам тұратын Ақдала ауылында дәрігерлік абмулатория жоқ. Жергілікті жұрт мың жарымнан асатын тұрғыны бар ауылда шағын емхана болуы тиіс екенін айтады. Аудандық аурухана жаңа емхана салынғанша жалға алатын ғимарат іздеп жатырмыз дейді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко билікке қарсы наразылық шеруіне шыққан жұртты "арақ ішіп, есірткіге еліткен" деп қаралады. Постсоветтік елдердің көбінде президенттер билікке наразыларды жиі кекетіп-мұқатады. Сарапшылар "наразыларды қаралау – авторитар басшыға тән әдіс" дейді.
"Activists 2.0. Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің цифрлы технологиялар дәуіріндегі трансформациясы". Қазақстандық PaperLab тобы осындай зерттеу жүргізіп, елдегі белсенділіктің жай-күйін талдады.
Нұр-Сұлтан сотында белсенді Ербол Есхожиннің қылмыстық ісі қаралып жатыр. Полицейлер оның сөзін қорлау деп қабылдаған. Тәуелсіз сарапшылар "Назарбаевтың күшіктері" деген сөз қорлау емес дейді. Белсенді істің саяси астары бар деп санайды.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке келгелі екінші рет жариялап отырған халыққа жолдауын талдап, "Қазақстанда наразылық көңіл-күй күшейеді, елдің қоғамдық-саяси өмірінен басқа өзгеріс күтудің қажеті жоқ" деген қорытынды жасады.
Қазақстанда билікке тәуелді БАҚ Беларусьтегі наразылық жайлы ақпаратты сирек беретіні байқалады. Сарапшылар "қазақстандық БАҚ үшін елдегі наразылықтардан гөрі сырттағы жағдайларды жазып, оған реакция білдірген оңай" дейді.
Тағы