Қазақстанда 20 шақты белсенді биылғы тәуелсіздік мерекесін әкімшілік қамауда отырып қарсы алады. Билік оларды "митинг заңын бұзғаны" үшін жазалады. Құқық қорғаушылар мұны өзіне сын айтқанды жақтырмайтын үкіметтің наразылық акциясына жол бермеуді көздеп жасаған тірлігі дейді.
Еуропарламент шағын комитеті өткізген тыңдауда еуропалық саясаткерлер мен құқық қорғаушылар Қазақстан үкіметінің адам құқығының жай-күйін жақсарту уәдесі сөз күйінде қалып қойғанын сынады. Ресми Нұр-Сұлтанға айтылған сынға Қазақстан омбудсменінің жауап беруіне тура келді.
23 қазанда Алматыда "митинг орнында" полиция бірнеше белсендіні ұстады. Қалада күзет күшейіп, аумақта интернет өшірілді. Ақтөбе мен Шымкентте де полиция митинг орындарын қатаң бақылап, жұрттың құжатын тексерді.
Қазақстан соты билікті сынайтын белсенділерді "экстремистік ұйым жұмысына араласты және оны ұйымдастырды" деп жазалайды. Бірақ "экстремистік ұйымға" тыйым салған сот шешімін де, оны шығарғанда сүйенетін сараптама қорытындысын да қоғамнан жасырады.
Алматыда өтіп жатқан сотта прокурор "тыйым салынған ұйым қызметіне қатысты" деп айыпталған 13 азаматтық белсендінің бәрін жазалауды, соның ішінде төртеуін 5 жылға еркіндігінен айыруды сұрады. Белсенділер билікке бейбіт түрде талап айтқанына бола тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
Оралда тұратын 48 жастағы белсенді Маруа Ескендірова кейінгі бес айда бесінші рет тұтқындалды. Шамалы үзілісті есептемегенде, ол 40 күн бойы қамауда отырды. Сот оны бесінші рет "бейбіт жиын ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін" 20 күнге қамады. Азаттық белсендінің әңгімесін жазып алды.
Сенбі, 17 шілде күні Алматы әкімдігінің алдында міндетті вакциналауға қарсылардың митингі өтуі керек болған. Бұл туралы бірнеше күн бұрын хабарланған. Азаттық суреттері митинг орнында не болғанын көрсетеді.
30 мамырда Самара-Шымкент, Ақтөбе-Астрахань тас жолдарының Ақтөбе облысындағы бөлігіне жүздеген көлік жүргізушісі жиналып, жолдың ақылы ету бастамасына наразылық білдірді.
Тағы