Алматыда кезекті карантин басталып, локдаун енгізілуіне байланысты мейрамхана, дәмхана мен өзге де қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы тоқтады. Бұған дейін де көп шығынға батқанын айтқан рестораторлар "енді табысымыздан ғана емес, қызметкерлерімізден де айырылуымыз мүмкін" деп алаңдайды.