Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылының тұрғындары жергілікті ауруханада коронавирусқа байланысты провизорлық стационар ашуға қарсылық білдірді. Тұрғындар емхананың есік-терезесін сындырып, төсек-орынды сыртқа шығарып тастаған соң, билік қылмыстық іс қозғап, бірнеше адамды қамады.