Ирандағы билік жүйесі ауысатын болса, оның аймаққа әсері, ықпалы қандай болмақ? Тегерандағы режимнің құлауына мүдделі АҚШ пен Израиль Ирандағы оппозициялық топтарды қолдап, мақсатын жүзеге асыра ала ма? Бұл соғыстан Қытай қандай зардап шегіп отыр? Журналист, саяси шолушы Естай Божанмен талқыладық.
Парсы шығанағында мұнай танкерлері кептеліп қалды. Олардың көбі Араб елдерінің мұнайын Азияға тасымалдайды. 2 наурызда Иран шығанақтағы Ормуз бұғазын жабатынын мәлімдеген. Тегеран бұғаздан өтетін кез келген кемені шабуылдаймыз дейді. Ормуз бұғазы әлем экономикасы үшін қаншалық маңызды?
Иранның атышулы "Шахед" (Shahed 136) дрондарына ұқсайтын америкалық камикадзе дрондар Таяу Шығысқа жеткізіліп, Иранды соққылауда қолданылуы ықтимал.
АҚШ пен Израиль Тегеранды бомбалап жатқан тұста Иран Парсы шығанағы елдеріне соққы жасауға көшті. Ондағы мақсат – АҚШ-тың осы аймақтағы одақтастарын Вашингтонға қысым жасауға итермелеу.
АҚШ пен Израиль бастаған соғыс жалғасып жатқанда Иран жаңа жоғары көшбасшы кім екенін жариялады. Әуе шабуылынан қаза тапқан әкесінің орнына 56 жастағы Мұжтаба Хаменеи билікке келді. АҚШ президенті Дональд Трамптың қарсылығына қарамастан, Иранның Сарапшылар кеңесі 8 наурызда осындай шешім қабылдады.
АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы және аятолла Әли Хаменеидің өлімі Украинадағы жағдайға айтарлықтай әсер етпейді, бірақ Ресей президенті Владимир Путиннің "жеңіске жетемін" деген ниетін қатайта түсуі мүмкін, деді Ресей-Иран қарым-қатынасы жөніндегі сарапшы Ханна Нотте Азаттыққа берген сұхбатында.
Тағы