58 жастағы Нұрлан Көктеубай – Шыңжаңдағы түркі тілдес мұсылмандарға қатысты Пекин саясаты қалай өзгергеніне куә болғандардың бірі. Қазақстанға көшіп келіп, Шыңжаңдағы туыстарына жиі барып тұрған оны 2017 жылы Қытай полициясы тергеп, кейін жеті ай қайта тәрбиелеу лагерінде қамауда ұстаған.