2018 жылы Қытайдағы саяси қуғын-сүргіннен қашып, Қазақстанға шекара бұзып өткен Сайрагүл Сауытбайдың Швецияда тұрып жатқанына бір жарым жыл болды. Қазақстаннан ала алмаған саяси баспананы оған Швеция үкіметі ұсынған. Қазір өзі де, күйеуі мен екі баласы да - сол елдің азаматы.