Қарашаның 3-і күні Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі алдында өткен наразылық акциясына ондаған адам жиналды. Олар Қазақстан территориясына кіруге рұқсат күтіп, жүздеген жүк көліктері тұрып қалған екі ел шекарасындағы жағдайды «реттеуді» талап етті. Наразылық акциясына қатысушылар «ЕАЭО-дан шығу мәселесін қозғаймыз» деп мәлімдеді. Бішкектің бұл ұйымға мүшелік етуі қажет пе деген мәселе Қырғызстанның саясеткерлер ортасында да қозғалып жатыр.