Қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесі күні Алматыдағы жиында елде сөз бостандығы шектеліп отырғаны айтылды. Ресми орындар журналистерді әдеттегідей түрлі сый-сияпат, атақпен марапаттады. Кей сарапшылар билік өз ыңғайына көнетін БАҚ-ды жақын тартып, тәуелсіз басылымдарға қырын қарайды деп санайды.
Алматының Медеу аудандық соты қамаудағы Жанболат Мамайдың өзін босатуды сұраған шағымын қанағаттандырмай тастады.
Астанада 14-інші Еуразия медиафорумы шетелдік баспасөз өкілдерінің мастер-класымен ашылды. Олар жергілікті кей журналистерде дүдәмал ой туғызды.
Қамауда отырған журналист Жанболат Мамайдың жақтастары оның туған күніне Алматы шетіндегі журналист отырған тергеу изоляторына жиналды.
Алматыда белсенділер қамауда отырған Жанболат Мамайды босатуды талап етіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады.
Оппозициялық «Саяси қалам. Трибуна» газетінің иесі кәсіпорнын жауып тастағандықтан, енді басылым шыға алмайтын болды. Газет жақтастары оны жабудың себебін саяси тапсырыспен байланыстырады. Басылыммен соттасқан әскери зейнеткер басылымның жабылғанын дұрыс деп санайды.
Қамауда отырған журналист Ж. Мамайды қорғау комитеті СИ-8 абақтысының алдына келіп, оны Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күнімен құттықтады.
Қамауда отырған журналистің жақтастары оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп мәлімдеме жасады.
Алматыдағы ЛА155/18 тергеу изоляторындаотырған журналист Жанболат Мамайға камераластары тарапынан қысым жасалған.
Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы журналист Жанболат Мамайды қамауда қалдырды.
Азаматтық белсенді ретінде танылған журналистің «қаржы жымқыру ісі» бойынша тергеуге іліккені әріптестерін таңырқатты.
Алматыда бастамашыл топ "қаржы жымқыру" ісі бойынша қамалған тәуелсіз журналист, "Трибуна. Саяси қалам" газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамайды қорғау комитетін құрды.
Тағы