Қазақстандық фотосуретшілер авторлық құқықтары сақталмайтынына наразы. Олар фотоны автордың келісімінсіз көшіріп жариялауды ұрлыққа теңейді.
Астанада "Нұр Отан" партиясының съезі болған күні Алматыда полиция партия кеңсесі алдына жиналғандарды ұстап таратты.
Қазақстан президентінің қызы, парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан жайлы Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді.
Жаңаөзенде үкіметтен тұрақты жұмыс тауып беруді талап еткен тұрғындар наразылығы жалғасып жатыр.
Үкіметті ауыстыру халық тұрмысының жақсаруына әсер ете ме? Азаттық қазақстандықтардың пікірін білді.
Алматыдан 30 шақырым жерде орналасқан Жалғамыс ауылының тұрғындары емхана мен білікті дәрігерге мұқтаж екендерін айтады. Жалғамыстықтар "дәрігерлік тексеруден өту үшін аудан орталығына бару қиын" дейді.
Солтүстік Қазақстан облысында тексерушілер базарларда сатылып жатқан еттің талапқа сай емес екенін айтады. Сараптама кезінде кейбір "халал" белгісі бар өнімдердің құрамы өзгергені анықталған.
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігіне бір топ көп балалы ана барып, баспана, әлеуметтік жәрдемақы, мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру мәселесін айтты.
Шымкентте әкімдердің есеп беру кездесуіне келген көп балалы әйелдер жәрдемақы және жемқорлық мәселесін қозғады. Әкім наурыздан бастап көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүретінін айтты.
Қазақстанға мониторинг жасауға келген Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының өкілдері Людмила Волошина мен Валерий Явтушенконы 15 ақпанда таңғы әуе рейсімен Астанадан Киевке депортациялады. Украина азаматтары Астана сотының шешімімен елден шығарылды.
Гүлдана Тарыбаева – сегіз баланың анасы. Күйеуі – жұмыссыз. Алматы маңындағы ауылдардың бірінде танысының үйін уақытша паналап отырған көп балалы отбасының әзірге бар кірісі – мемлекет тарапынан балаларға төленетін 16 мың теңге. Тұңғышы 12 жаста, кішісі – бір жарым айлық сәби.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылындағы мектепте үш айдан бері жылу дұрыс берілмей келеді. Оқушылар мектеп суық болғандықтан, сабақтардың дұрыс өтпегенін айтады. Қазір барлық сыныптарда электр пештер тұр.
Тағы