Маусымның 30-ы күні таңертең Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артында шамамен 900-ге жуық адам қатысқан митинг өтті. Онда елдегі саяси жүйені өзгерту, жаңа Конституция қабылдау, саяси тұтқындарды босату, Арыс оқиғасы және тағы басқа мәселелер айтылды.
Әскери қоймадағы жарылыс кесірінен Арыс қаласынан кетуге мәжбүр болған тұрғындар үйіне қайтып жатыр. Бірнеше күннен бері Шымкентті паналаған олар 28 маусымда таңғы сағат алтыдан бастап әкімдік ұсынған көліктерге мініп Арысқа аттанды.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың «3300-ден астам термин қайта қаралып бекітілді. Оның 300-ге жуығы халықаралық терминдер. Азатжол - абзац, пайыз – процент, сынып – класс, әнұран – гимн мейрамхана - ресторан болып қайта өзгерді» деген сөзі түрлі пікір тудырды.
Үш жыл бұрын қызметтік көлікті тастап, велосипедке көшетінін айтқан Алматы әкімі сөзінде тұрды ма? "Жаз келсе, жұмысқа велосипедпен барамын" деген Шымкент әкімі неге айтқанын орындамады?
Сайлау нәтижесін жарамсыз деп тануды талап еткендерді ұстады
Сайлау нәтижесіне қарсылық білдіргендерді полиция ұстады
Қазақстанда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Кейбір белсенділер "ел билігі бұл күнді кең көлемде атап өтуге асықпайды" деп айыптайды. Олардың арасында "31 мамырды ресми демалыс деп жариялау керек" деп санайтындары да бар.
30 мамырда Алматыда "InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы" атты форум басталды. Екі күнге созылатын форумның бірінші күні Орталық Азиядағы сөз бостандығы мәселесі, жалған ақпаратпен күрес, киберқауіпсіздік, сайлау кезіндегі БАҚ жұмысы тақырыптары талқылады.
Бүгін, 29 мамырда Алматыда журналист Розлана Таукинаны туыстары мен әріптестері, достары соңғы сапарға шығарып салды. Алпыс жасында ауруханада көз жұмған құқық қорғаушы, журналистің артында жұбайы, екі ұлы мен немересі қалды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына қатысушылардың үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Кей сарапшылар мен сайлаушылар жеті кандидат арасында қызу саяси тартыс байқалмайтынын айтады.
Тағы