Ақтөбеде сегіз отбасы тұрып жатқан жатақхана сот қаулысымен бұзылмақ. Екі жыл бұрын салынған ғимараттан құзырлы органдар "кінәрат тапқан". Әкімшілік соттың қаулысымен келіспеген құрылыс иесі апелляциялық сотқа арыз түсірді.
Жыл басынан бері Қазақстанда сексеннен астам бала көп қабатты үйдің терезесінен құлаған. Мамандардың пікірінше, бұған ата-аналардың салғырттығы себеп.
Алматыдағы №173 мектепте жаңа оқу жылының басталуына арналған шарада оқушыларды "түрлі діни ағымдар" ықпалынан сақтандырды.
Сотқа жәбірленуші тарап ретінде БТА банк өкілі, куәгерлер Жақсылық Жарымбетов пен оның қарындасы Шәмшия Жарымбетова және Жанболаттың адвокаттары қатысты.
Алматыдағы Райымбек даңғылының Сүйінбай және Пушкин көшелерімен қиылысатын тұсында күнде кешке көлік пен жаяулар кептелісі пайда болады.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы Мамырсу ауылының тұрғындары полиция өкілдерінің бұйрығына бағынбаған автокөліктегі адамдарды оқ атып тоқтату әрекетіне наразылық білдірді. (Азаттыққа тұрғындар жолдаған әуесқой видео.)
Төтенше жағдайлар комитеті жыл басынан бері Қазақстанда үш жүзге жуық адам суға батып, опат болғанын хабарлады.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қайназар ауылындағы орта мектептің 85 мұғалімі "жаңа мектеп салынғасын жұмыссыз қаламыз ба" деп алаңдайды. Ал аудандық білім бөлімі "ешқандай мұғалім жұмыссыз қалмайды" дейді.
Бір топ қоғамдық белсенді Алматыда "Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдына жиналып, сот органдарының жұмысына наразылық білдірді. "Соттан әділдік көрмедік" деген тұрғындар Назарбаевқа 9-мәрте хат жолдады.
Петропавл тұрғындары көкөніс пен жеміс-жидек бағасы биыл еселеп өскенін айтады.
Кей деректер бойынша, 1937-1938 жылдары Қазақстанда саяси қуғын-сүргін салдарынан 100 мыңнан аса адам түрмеге қамалып, 25 мың адам атылған.
Маңғыстау облысындағы ерлері терроризмге қатысты баптармен сотталып кеткен әйелдер өздерінің полиция тарапынан қысымға ұшырап отырғандарын айтады.
Тағы