Петропавлдағы ЕС 164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан екі сотталушы азапталғандарын айтады. Қоғамдық қадағалау комиссиясы да бұл фактіні растайды. Түрме өкілдері бұл жайтты жоққа шығарады.
Қазақстан Қытайдан 730 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие алатыны хабарланды. Тұрғындар арасында қарыз алуды қолдайтындар да, қарсылар да бар.
Алматыда және Бішкекте белсенді Мұратбек Тұңғышбаевқа қатысты сот өтті. Белсендіні 10 мамырда Қырғызстанның арнайы қызмет орындары Қазақстан өтінішімен қамауға алған еді.
Алматы қаласы Наурызбай ауданында көлік көп жүретін көшенің ортасында электр бағандары тұр. Жергілікті тұрғындар мен жүргізушілердің сөзінше, жол ортасында тұрған бағанға соғылып жатқан көлік көп болса да, бағанды алып тастайтын ешкім жоқ.
Ақтөбеден 20 шақырым жердегі Қурайлы ауылына жақын маңнан жол құрылысы кезінде көне оба табылды.
Алматы көшелерінде маска кигендердің қарасы көбейген. Адамдар сақтанудың әртүрлі жолдары жайлы айтады.
2007 жылғы “Шаңырақ ісі" бойынша 12 жылға сотталған Рүстем Тұяқов түрмеден шықты. Ол 14 жылға сотталған. Шаңырақ оқиғасына байланысты қамалған Арон Атабек, Құрманғазы Өтегенов, Ерғанат Тараншиев әлі қамауда отыр.
Бішкекте ұсталған қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевтың анасы Бақтыбала Тұңғышбаева Алматыдағы Қырғыз консулдығының алдына келіп, Бішкекте қамауда отырған ұлын Қазақстанға бермеуді өтінді
Алматы қаласының бірнеше белсендісін саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке жеткізбей қамауға алды, осы күні жалғыз адамдық пикетке шыққан Орал қаласының тұрғынын полиция әкетті.
Қазақстан мен Өзбекстан арасында шекара белгіленген кезде өзбек жағында қалған Арнасай ауылынан осыдан сегіз жылдай бұрын көшірілген 68 отбасы қазір Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Қызылқұм ауылдық округінде тұрып жатыр.
Алматының Медеу аудандық соты журналист Марат Әсіповке "Ratel.kz" интернет-порталы атынан ақпараттық материалдар жариялап, таратуына да тыйым салды. Азаттық сарапшыдан "прокуратура мен басылым арасындағы іс елдегі журналистика жағдайының көрінісі ме әлде доменге қатысты қатардағы дау ма?" деп сұрады
"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасымен келген мұғалім жұмыссыз жүр. Қызылорда облысы Әйтеке би кентінінің тұрғыны Анна Хегай "мектеп директоры мені жұмыстан заңсыз шығарды" дейді. Ал мектеп директорының айтуынша, қазір бос жұмыс орны жоқ.
Тағы