Табиғи апаттан шамамен 2500 адам жарақат алған. Жүзден астам адам із-түзсіз жоғалған. Елде құтқару-іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Түркістан облысында мақташылар мақта бағасының төмендігіне наразы. Қазір зауыттар бір келі мақтаны 170 теңгеден бағалап қабылдап жатыр. Жергілікті әкімдік «мақта бағасына ықпал ете алмаймыз» дейді.
"Смартфонында "WhatsApp" қосымшасы болғаны үшін" жарты жыл үйқамақта отырған Гүлзира Мөгдін Азаттыққа сұқбат берді. Сәбидің дүниеге келуіне Қытай билігі неге қарсы болды?
"Время" газетінің жазуынша, Қазақстанның эстрада әншісі Төреғали Төрәлі Алматы – Гонконг ұшағына билетсіз кіріп, ұшақ қозғалуға тақағанда шығып кеткен. Желі қолданушылары мұны қылмыс деп, шекарашыларды сөгіп жатыр.
Қыркүйек айының басты тақырыптары: АҚШ-тағы дауыл, Индонезиядағы жер сілкінісі, Солтүстік Кореядағы ұлттық-патриоттық ойындар, АҚШ судьясы Бретт Кавано төңірегіндегі дау, БҰҰ-ның Бас ассамблеясының сессиясы.
Медицина бойынша Нобель сыйлығы америкалық ғалым Джеймс Аллисон және Тасуку Хондзёге берілді. Екі ғалым рак жасушаларының дамуын баяулататын әдістер ойлап тапқан.
Маңғыстауда мұнайшылар ереуілі жайлы фильм түсіріп жүрген франциялық режиссерге сот әкімшілік жаза кескен. Судья оны “рұқсатсыз жұмыс істеді” деп тапқан. Сыртқы істер министрлігінің сөзінше, режиссер Жаңаөзенді түсіретінін айтпаған. Құқық қорғаушылар бұл туралы не дейді?
Шымкент шетіндегі елдімекенде екі жүздей оқушыға алты шақырым жердегі мектепке қатынау қиын. Бірақ білім бөліміндегілер балаларды тасымалдауға да, қауіпсіздігіне де жауапты емеспіз дейді.
Франция азаматы, Ligne de Front студиясының режиссері, журналист Венсан Прадоны Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты "Қазақстанның көші-қон заңын бұзды" деп айыптап, 60 мың теңге көлемінде (шамамен 165 АҚШ доллары) айыппұл салды.
Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаш ауданы Абай ауылында "зорланған баланың" ісі бойынша сот тергеуін бастады.
Павлодарда жылыту маусымы басталды. Алайда 62 көп қабатты тұрғын үй қысқа дайын емес. Тұрғындар қазірдің өзінде тоңып отыр.
Түркістан облысында оқушыларға "оқулықтарды жалға берген" кітапханашы жұмыстан босатылып, қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылған.
Тағы