О баста мен Керқұла атты Кендебай батыр едім... Күндердің күні, жар дегендегі жалғыз серігім, астымдағы Керқұла тұлпар... сенатқа депутат болғысы келетінін айтқанда, төбеден ұрғандай болдым!.
Сіздерге бүгін Ұяттың тариxын айтып бермекпін. Көп әңгіме емес - онымен таныс болған аз жылда көрген-білгенімнің қысқаша ғана баяны...
Жөңкебай деген журналистпін. Танып отырған шығарсыз... Теледидардан көріп жүрсіз, газеттерден оқып жүрсіз...
Кілт - кемеңгер еді. Кез-келген құлыпты ашатын. Дүниеде не түрлі құлып жоқ дейсіз - алтын сарайлардың есігінде асыл қазына қорыған батпан салмақты қымбат-маңғазының да, кәкір-шүкір күзеткен арзанқол жұқалтаңының да тілін тапты. Жеңілдерін алыстан арбап, аңдатпай ашты. Ауырлары майталман ашқыштың қалай іші-бауырларына еніп, қолқа-жүректерін ақтарып салғанын сезбей де қалды...
Сонымен, осы қалада қазір екі-ақ түрлі xалық қалдық. Бірі - аты-жөні белгісіз, бізге қарап аузын ашқан қалың көпшілік... Сосын, жердің құты, елдің қаймағы, өмірдің қызығы мен шырайы - мына біздер...
Ақ тұлпар маған былай деп аян берді... Егер сіз өле қалсаңыз... яғни, алда-жалда, өлуге шешім жасай қалсаңыз, менің тұлыбыма сіздің ескерткішіңізді мінгізеді екен...
Бірақ дауыстар - жаңғырық таратуға құмар... Олар бір-біріне үн қатпайды, дауыс та қоспайды... Бірін бірі - мүлде естімейді де. Олар - жаңғырыққа сенеді, айтарын - Жартасқа арнайды.
Әкімшіліктен қазір қайыр жоғын бәрі біледі... Жалпы, әкімшіліктің - бізде, біздің - әкімшілікте шаруамыз болып көрген емес. Бір- бірімізге еш тәуелділігіміз де, міндеткерлігіміз де жоқ...
Бірақ, шынымды айтсам, осының бәрі бос сөз екенін, менің тапқан бүгінгі "абыройым" да, әншейін, өзімді өзім алдау екенін қу ішім сезеді... Әйтсе де, осы алданыш өзіме ұнайды.
Барлық бояудың әдеті сол - өзіне ұқсағанды жақсы көреді. Әйтпесе, бұлар, жалпы, бір-бірін ұната бермейді. Оларда өзінен басқа, не көмескірек түстерді мойындай қоймайтын қажетсіз, ұсақ тәкаппарлық бар.
Менің көзім жетті... Әлі талай жүз жыл жасайсыз!..Сіз, сірә, мәңгі өлмейсіз!.. Өміріңізді жалғайтын, өзіңізге лайықты ізбасар болатын жаңа күлән-ақындар өсіп келеді...
Ертең басқа біреу озады... Науқан мен дүрмек - өтеді. Сен озса да, озбаса да, жеңсе де, жеңілсе де, көшіп кетпей, мәңгі орнында қалатын еліңнің олқысын ойлап қайғыр, алдымен!
Тағы