Еуропа одағының өкілі Штефан Фюле Азаттыққа берген сұхбатында Кремль басшысының ешқандай ережеге мойынсұнғысы келмейтін саясатын сынады.
Беларусь президентінің «Еуразия Одағын құруды кейінге қалдырған жөн болар» деген пікіріне разы жұрттар да болды. Бірақ сарапшылар ол сөздің «саяси тәсіл» екенін айтады.
Бір топ ақсақал Еуразия экономикалық одағы туралы келісімге қарсылық білдіріп, халыққа үндеу жасады. Алайда кей белсенділер биліктің ондай үндеуді тыңдамайтынын айтады.
Азаттық Алматы тұрғындарынан Еуразия Одағы жайлы ой-пікірлерін сұрады.
Қазақстан президентінің Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде 28 сәуірде оқыған дәрісін сынаушылар да, қолдаушылар да табылды.
Қазақстан ұлттық банкі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы жобасын ұсынды. Еуразия экономикалық одағы келісім-шартына қол қоймас бұрын Қазақстанда банктерді ірілендіруі мүмкін.
Жергілікті саясаткерлер мен сарапшылар «Кеден Одағына мүше елдердің авиация нарығы біріккен жағдайда Қазақстан әуе компаниялары ұтылады» деп есептейді.
Сәуірдің 15-інде Қазақстан, Беларусь және Ресей премьерлері Мәскеуде Еуразия Одағы келісімінің жобасын талқылады. Келісімге қол қояр сәт жақындаған сайын қолдаушылар мен қарсылар да көбейді.
"Антиеуразиялық форум" аталған жиын 15 мамыр күні Ресей, Қазақстан, Беларусь басшылары қол қоятын Еуразия Одағына қарсы ұйымдастырылды. Өткізетін дұрыс орын таба алмаған белсенділер шағын залға жұрттың сыймай қалғанын айтады.
Алматыда өткен форумға 500-дей адам жиналды. Жиында мамыр айының соңында Ресей, Қазақстан, Беларусь қол қоятын Еуразия Одағына қарсы уәждер айтылды.
Глазго университетінің зерттеушісі Лука Анчески Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы саясатына нео-еуразия идеологиясының ықпал етуі туралы айтты.
Қазақстан, Беларусь және Ресей Еуразия Одағын құру туралы шартты дайындап жатыр. Астананың шарт жобасына қатысты ескертулері баспасөзде жарияланды.
Тағы