Украина әскері сепаратистер басып алған Донецк әуежайына әуеден соққы берді. Қаза тапқандар туралы хабар бар.
Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, Петр Порошенко үшін Украинаны экономикалық дағдарыстан шығару мен Ресеймен қарым-қатынас орнату ең қиын сынақ болмақ.
Украинаның ішкі ісіне араласатындай мүмкіндік Ресейде әлі де жетерлік. Бірақ дауыс берушілер көп келген президент сайлауында Петр Порошенконың жеңіске жетуі Киевтің тиімді қарсылық көрсетуіне сеп бола алады.
Кремльдің айнымас одақтасы саналатын Беларусь президенті Александр Лукашенко өткен аптада «Дождь» телеарнасына берген сұхбатында «ресми бағытынан» сәл ауытқыды.
Бизнесмен Петр Порошенко экзит-пол нәтижелеріне сілтеме жасап, Украина президенті сайлауында бірінші турда-ақ жеңгенін айтты.
Экс-президент Виктор Янукович биліктен тайдырылған соң үш ай өткенде Украина азаматтары кезектен тыс президент сайлауына дауыс беріп жатыр. Ресейшіл сепаратистер бақылауындағы екі облыста тек бірнеше сайлау учаскесі ғана ашылды.
Киевте дауыс беруге тілек білдірушілердің көптігі сонша, сайлау комиссиялары өтініштерді рәсімдеп, сайлау бюллетеньдерін беріп үлгере алмай жатыр.
Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер бақылауындағы ірі қала Донецкіде сайлау учаскелері жұмыс істемей тұр.
Украинадағы үкіметке қарсы шеруді бейнелейтін «Майдан» деректі фильмі Канн кинофестивалінде көрсетілді. Оның режиссері Сергей Лозница ресейлік ақпарат құралдарына сұхбат беруден бас тартты.
Сепаратистер бақылауындағы Луганскіде тұрғындар сайлауға дауыс беруге қаймығады.
Ертеңгі сайлауда «шоколад патшасы» Петр Порошенко «газ патшайымы» Юлия Тимошенкодан көп дауыс алуы мүмкін. Сауалнама осыны көрсетіп отыр. Бірақ бұл сайлаудың біз білмейтін тұстары көп.
Ертең Украинада президент сайлауы өтеді. Елдің шығысында кісі ұрлау, атыс-шабыс, сепаратистер бүлігі жиілеп кетті. Осындай қым-қуыт жағдайда украиналықтар президент сайлай ала ма?
Тағы