Әлемде ноутбукты бақылап отыруға мүмкіндік беретін көптеген бағдарламалар бар. Сондай бағдарламасы бар, ұрланған ноутбук интернетке қосылысымен өзінің қай жерде екенін иесіне хабарлайды.
Әлемдегі ең көп пайдаланылатын ғарыш айлағы бар Қазақстанның космостық державаға айналуына ракеталық технологиясының жоқтығы кедергі болып отыр.
The Economist журналы әлемдегі интернетті шектеу тәсілдері туралы жазды. Онда Қазақстанның да интернетті бақылауда Қытай тәжірибесіне сүйеніп отырғаны баяндалады.
«3D принтер» деген атпен белгілі құрал соңғы жылдары өте қарқынды дамыды. Бұл технология әлемдік экономикада ірі жаңалықтар жасап, қалыптасқан мануфактура тәртібі мен әлемдік саудадағы тепе-теңдікті өзгертіп жіберуі мүмкін.
Еуропа Одағына кіретін алты мемлекет жеке мәліметтерді қорғау талаптарын орындамағаны үшін Google компаниясына айыппұл салатынын мәлімдеді.
Facebook аккаунты мен электрондық поштасы бұзылған құқық қорғаушы Евгений Жовтис оларды қайта қалпына келтіргенін, бірақ барлық ақпаратын жоғалтқанын айтады. IT мамандар Азаттыққа мұндай жағдайдан қалай сақтану керектігі туралы кеңес берді.
Мемлекеттер арасындағы қарулы қақтығыс халықаралық құқық бойынша реттеледі. Ал шабуыл киберкеңістікте жасалса қандай заңға сүйенуге болады? Бұл сауалға жауап іздеген халықаралық сарапшылар жаңа нұсқаулық әзірледі.
Екі компания арасындағы кибер қақтығыс виртуалды әлемді тоқтатуға аз қалды. Бұл ғылыми фантастика сияқты естілуі мүмкін. Бірақ осы аптадағы оқиға соған ұқсады.
Атын жасырған хакер заңсыз тәсілдерді қолдана отырып, әлемдегі компьютерлердің "интернет белсенділігін" көрсететін карта жасап шықты. Ал Facebook-тың хакерлер жарысын ресейлік програмист ұтып алды.
Наурыздың 23-24-і күндері Шымкент қаласында болған "Блогкэмп-2013" құрылтайында блогшылар тәжірибе алмасып, "стартаптар байқауын" ұйымдастырды.
Ұлыбританиялық Ligo ғылыми-зерттеу компаниясы әлеуметтік желілердің адамға қалай әсер ететіні туралы мәліметтер жариялады.
Тағы