Алматы маңындағы түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Владимир Козловты жақтастары туған күнімен құттықтады.
Жаңаөзен оқиғасына дейін бір көзінен айырылған Жігер соттың кесірінен жасанды көзді үш жыл кешігіп салдырғанын айтады. Ал Жанболат сол кезде оқ тиген аяғына 8 операция жасатса да оңала алмаған.
Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақ белсенділері Жаңаөзендегі қанды оқиғадан кейін билік қабылдағалы отырған «Кәсіподақтар туралы» жаңа заң жобасы еңбек дауларын одан сайын қоздырады деп алаңдайды.
«Жаңаөзен ісі бойынша сотталған екі азаматтың Ақтаудағы қоныстандыру колониясына ауыстырылғанын колония басшылығы Азаттыққа растады. Туыстары олар туралы айтуға сақсынады.
Қазақстан парламенті мәжілісі әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін 15 жылға дейін түрме жазасын тағайындайтын жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстанда азаптау мен саяси тұтқындардың құқығын шектеу фактілері көбейіп бара жатқанын айтқан еуропалық құқық қорғаушы Людмила Козловска жағдайды жақсарту жолдарын ұсынады.
Қара жамылған отбасылар «Жаңаөзен оқиғасы» туралы баяндауға сирек келіседі. Толқу кезінде өлген марқұм Бекежан Дүйсебаевтың жесірі екі жыл бұрын қандай хал кешкендерін Азаттыққа айтып берді.
Amnesty International ұйымы жаңа баяндамасында елдегі азаптаудың әдеттегі құбылысқа айналғанын, азаптаушылардың жазаланбайтынын айтып, Қазақстан билігін сынаған.
Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы "Өтпелі кезең елдері: 2013" атты есебін жариялады. Қазақстан бұл тізімде былтыр демократиялық жағдайы нашарлаған 17 елдің қатарында тұр.
Жазасы жеңілдетілген жаңаөзендіктердің туыстары бірнеше тәулік бойы жақындарының шығуын күтіп Орал түрмесінің алдында тұр.
Қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы "саяси және ар-ұждан тұтқыны" деп анықтаған бес адам түрлі мерзімге сотталып, түрмеде отыр.
Жоғарғы сот Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталған алты адамның жазасын екі жыл мерзімге шартты жазаға алмастырып, оларды қамаудан босату туралы шешім шығарды.
Тағы