Ресей саясаткерлері «еуропалық деңгейден де жоғары дипломат» деп бағалаған Қасым-Жомарт Тоқаевты өз елінде түрліше қабылдайды. Оны «Қазақстан дипломаттарының көшбасшысы» деушілер де, «Назарбаевтың көлеңкесі» дейтіндер де бар.
Ақпанның 9-ы күні зейнет жасына толған Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкілеттігін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жұма 2020 жылға дейін ұзартты.
Қазақстанның саяси сахнасына шыққалы бері Азат Перуашев президентшіл үш партияға мүшелікке өтіп, екеуіне төрағалық етті, соңғы таратылған мәжілістің депутаты болды. Ол басқаратын «Ақ жол» партиясы тағы бір сайлауға дайындалып жатыр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева жұрт алдындағы жиырма шақты жылында саясат сахнасын да, театр сахнасын да көрді.
Кәрім Мәсімовтің премьер-министр қызметіне екінші рет тағайындалғанына бір жыл толды. Осы аралықта ол көпке көрінбейтін тұйық саясаткерге айналды.
Астанадағы Мирзоян көшесіне Сәтбаев есімі берілетіні туралы хабар әрқилы пікір туғызды. Тарихшылар Сталин тапсырмасын орындаушы болған Мирзоянның да репрессиядан құтылмағанын айтады.
Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын Италиядан депортациялау Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның арасындағы қақтығыстың қаншалықты ушыққанын көрсетеді.
Жаңаөзен оқиғасына байланысты оппозициялық саясаткер Серік Сапарғалиға «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылды. Әріптестері оны шындық үшін күресіп жүрген азамат деп біледі. Прокурор Әсет Батыршаев «адамшылыққа қарсы қылмыс жасады» деп айыптаған Серік Сапарғали сәуірдің аяғында 60 жасқа толады.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин наурыздың 27-сі 60 жасқа толды. Кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың басты бәсекелесі саналған саясаткердің мерейтойына арналған кішігірім ғана шараны ұйымдастырушылар Қазақстан коммунистері мен жұмысшылар қозғалысының белсенділері болып шықты.
Тағы