Жаңа Өзен, 16 желтоқсан. Жүктеген адам: Аманжол
Аманжол есімді оқырман жіберген бұл видео қалта телефонына түсірілген. Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 16-сы болған оқиғалардың бір сәтін бейнелейді.
Өткен апта Жаңаөзен қаласында болған қанды оқиғаға байланысты желтоқсанның 24-і полиция 26 мұнайшыға іздеу жариялап, бастарына сыйақы тіккен. Тізімде Жаңаөзенге келген кезінде президент Назарбаевқа болған жағдайды баяндап берген мұнайшының да есімі бар.
"Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер кезінде жастарға 20 мың теңгеден ақша мен арақ берген, полиция өзіне бағынбаған топты жуасыту мақсатында әуелі аспанға, кейін жерге қарата оқ атқан" деп мәлімдеген президент Назарбаев Маңғыстау облысында жергілікті органдар өкілдері мен мәслихат депутаттарымен кездесуінде.
Жаңаөзенде ұялы байланыс пен интернет қосылған соң YouTube сайтында қарапайым куәгерлер түсірген, желтоқсанның 16-сында болған оқиға туралы видеожазбалар көбейіп жатыр. Мына бейнекөріністерде шерушілер мен полицияның қақтығысы, өртенген көліктер бейнеленген.
Жаңаөзен оқиғасына орай құрылған қоғамдық комиссия Жаңаөзен қаласына жете алмай, Алматыға қайтып келді. «Билік түрлі тосқауыл қойып, халыққа шындықты жеткізбеуге күш салып отыр» дейді комиссия мүшелері.
Желтоқсанның 17-сінде Шетпеде қайтыс болған Төребек Төлегеновтің анасы Зерік Тауасарованың жоқтауы.
Оппозицияшыл саясаткерлер мен сарапшылар "қарусыз адамдарға оқ атқандарды анықтап, жауапқа тартпай Маңғыстаудағы жағдай тұрақтанбайды" дейді. Ал президентшіл партия өкілдері "президент Назарбаевтың соңғы ауыс-түйістері жағдайға оң әсер етеді" деген пікір айтады.
Оралдық заңгер Абзал Құспанов желтоқсанның 16-сы күнгі Жаңаөзен оқиғасы кезінде арнайы жасақ пен полицияның қарусыз халыққа оқ атуына заң тұрғысынан баға берді.
Менің балаларым мен немерелерім – кеудесінде намысы бар ұлдарым мен қыздарым қызыл қанға боялып жатыр...
Маңғыстау облысындағы жағдаймен танысу үшін осы аймаққа келген Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімі мен "Қазмұнайгаз" басшылығын ауыстырып, Жаңаөзенге барды. Бірақ Қазақстан президенті қарапайым жұртпен кездескен жоқ.
Жұмыстан шығарылған мұнайшылар Қазақстанның басқа аймақтарына жұмысқа барудан бас тартты. Маңғыстау облысында билік журналистер мен саясаткерлерді Жетібай ауылының тұрғындарымен сөйлестірмей қойды. Бүгін журналистерді Шетпедегі ахуалмен таныстыруға уәде еткенімен, тілшілерді Ақтаудағы мәйітханаға алып барды.
Тағы