Бүгін Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталып, қамауда отырған азаматтардың аналары, әпкелері мен әйелдері қаладағы төтенше жағдай алынғаннан кейін тұңғыш рет әкімшілік алдына жиылды. Олар ақпанның 23-інде әкімдік алдында пикет өткізуге өтініш тапсырды.
Абақтыда отырған саясаткер, тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов науқас. Үкімет енді оппозициялық саясаткерді Жаңаөзен қаласының абақтысына апармақ. Ал ЕҚЫҰ-ның парламент ассамблеясы Владимир Козловты саяси тұтқын деп санайды.
«Жаңаөзен халық қасіреті» деп жырлаған ақындарға екі күн бойына 5 мың адамдық сарайға лық толған көрермен қол шапалақтап, көшемет көрсетіп отырды.
Маңғыстау облысының тұрғындары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ашық хат жолдап, бірнеше талап қойды. Ал Шетпеде құрылған қоғамдық комиссия абақтыға қамалған азаматтар туыстарының арыздарын қарап жатыр.
Жаңаөзен оқиғасында жараланған Нұрлыбек Нұрғалиевке Алматыда операция жасалып, өңешінен тиіп, жауырынына барып тірелген оқ 57 күннен кейін алынды. Бұл туралы бүгін Азаттық тілшісімен хабарласқан оның әйелі Гүлжамал айтты.
Үстінен қылмыстық іс қозғалған Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев қызметінен босатылып, оның орнына Серікбай Тұрымов келді. Оны Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов бүгін қалалық мәслихатқа таныстырды.
Бүгін бірнеше белгілі азамат бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге банкке барып, Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қорына ақша аударды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Германияда жүр. Ол Германия үкіметімен халықаралық және аймақтық мәселелер, екі ел арасындағы қарым-қатынастар жөнінде бірқатар келіссөздер жүргізбек.
Қазақстан агенттіктері Жаңаөзеннің әкімі Орақ Сарбөпеевтің қайда екендігі туралы қарама-қайшы ақпараттар таратуда. Ал оппозициялық саясаткерлер Жаңаөзен оқиғасына қатысты "жазықтылар" қатардағы шенеуніктер екеніне алаңдаулы.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде ұрып-соғудан қаза болған Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева прокуратураның жиі тергеуге шақыруының кесірінен жұмыссыз қалғанын айтып шағымданады.
Тіркелмеген «Алға» партиясы Алматы қалалық бөлімшесінің жетекшісі Ерлан Қалиевтің сөзіне қарағанда, адвокат Владимир Козловтың әйеліне хабарласып, күйеуінің науқас екенін, оны операцияға дайындап жатқанын айтқан.
«Қаңтардың шілдесі» күйіп тұр, Кеудеде запыран күйік тұр. Қан жұтқан қараша қамығып, Ызасын ішіне жиып тұр.
Тағы