Covid індеті кезінде Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі жемқорлық дауына қалды. Бірнеше жоғары шенді шенеунік тергеуге алынды. Жемқорлыққа қарсы қызмет министрліктің құрылымдық бөлімшелерін әлі тексеріп жатыр. Сарапшылар жүйедегі жемқорлықтың тамыры өте берік екенін айтады.
Қазақстанда жергілікті атқарушы билік желіде байқау жариялап, жекеменшік кәсіпкерлерден тауар, жұмыс пен қызмет түрін сатып алатын мемлекеттік сатып алу саласы – жемқорларға таптырмас табыс көзі.
Азаттық былтыр Лондонда "шығу төркіні белгісіз ақшаға алды" деген күдікпен бұғатталған қымбат мүліктің иесі Дариға Назарбаева мен Нұрәлі Әлиев екенін анықтаған зерттеу авторларының бірі, Transparency International UK ұйымының өкілі Бен Коудоктен сұхбат алды.
Ауыл тұрғындары "мал бағатын жер жоқ" деп шағымданады. Сарапшылар заң қабылдап, Жер кодексін өзгерткенімен билік жайылым жерді халыққа қайтара алмай отырғанын айтса, депутат "жерді қайтаруға жергілікті әкімдіктердің құзыреті бар" деп санайды.
«Ақша жымқырды» деп сотқа тартылған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа мен өзге айыпталушылар 14 қаңтарда Қарағандыда өткен сот отырысында өздеріне тағылған айыптардың негізсіз екенін айтты.
Қазанның 24-27 аралығында Алматыда АРТиШОК театрының ұйымдастыруымен өткен POST DRAMA WEEKEND шарасында жергілікті театрлардың әдеттегі форматынан өзгеше қойылымдар көрсетілді.
Астана халықаралық бағалауға мән бере ме? Мұндай рейтингілер шешім қабылдау процесіне ықпал ете ме?
Transparency International (TI) халықаралық ұйымының 2018 жылға арналған Жемқорлық индексінде алдыңғы жылмен салыстырғанда екі орынға төмендеген Қазақстан қазір 124-орында тұр.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2018 жылы жемқорлық фактілері бұрынғыдан азайғаны туралы хабарлады. Кей сарапшылар «жемқорлықпен күрестің қазіргіден әлдеқайда тиімді жолы бар» дейді.
БҰҰ бастамасы бойынша жыл сайын 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі.
"Қырғыз темір жолы" мемлекеттік компаниясына қатысты жанжалдан соң кәсіпорынның бас директоры Алмазбек Ногойбаев қызметінен кетті. Азаттыққа жауабында ол сырқатына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз екенін, өзіне қатысты жаңалықты интернеттен білгенін айтты.
Қазақстан бас прокуроры қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған жаңа заңда баламалы жаза қолдануға болатын баптар көбейеді дейді. Кей адвокаттар мен құқық қорғаушылар "жемқорларға жазаны жеңілдеткенімен, жаңа заң саяси сипаты бар баптарға келгенде қауқарсыз" деп санайды.
Тағы