Қазақстан билігі коррупцияға қарсы кезекті шараларды ұсынды. Сарапшылар коррупцияға қарсы 20 жыл ішінде қабылданған сансыз бағдарлама, жоспар, стратегияларды іске асыру проблемалары жайлы айтып берді.
Ақтөбе соты «балаларын ақшамен оқуға түсірмек болған» деген негізбен жұмыстан қуылған облыстық департаменттің экс-шенеунігі Алмат Ермағамбетовтің еңбек құқығын қорғауды сұраған арызын қанағаттандырмады.
Financial Times газеті АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың «лас ақшаны», соның ішінде Қазақстаннан да жымқырылған қаржыны заңдастырумен айналысатын халықаралық желімен байланысы болуы мүмкін деп жазады.
«Қаржы жымқыру» және «салықтан жалтару» айыптарына іліккен әкелі-балалы Матаевтар соттағы соңғы сөздерінде «рейдерлік» туралы да айтты.
Оңтүстікте жеті ауылдың әкімдері пара беріп жатқанда ұсталғаны хабарланды. Жергілікті билік «бұл оқиғаны интернеттен енді ғана білген», ал білгендері рұқсатсыз пікір айта алмайды.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің шенеуніктері өз ресми жалақысы жайлы мәліметтерді жаппай жариялай бастады. Олардың жылдық кіріс мөлшері 8 миллион теңгеге дейін жетеді.
Астана қалалық қылмыстық істер соты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен өзге 10 адамға үкім шығарды.
Журналистік зерттеуде Әкежан Қажыгелдиннің қызының қаржысының түп-төркініне қатысты күмән туған. Қазақстан салық салу ісіндегі ашықтық критерийлеріне сай емес тоғыз елдің қатарында аталған.
Қазақстан прокуратурасы Азаттыққа берген ресми жауабында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, вице-премьер Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің "Паманагейт" дауына ілігуіне қатысты тексеру жүргізбейтінін мәлімдеді.
Бүгін Қазақстан президенті Иранға сапарлады. Панамадағы офшор дауында Иранның экс-президенті аталса, Қазақстан президентінің жиеніне қоса Рахат Әлиев және Патох Шодиев жайлы айтылды.
Қарағанды облысында «жалған мектеп құрған» бұрынғы екі мемлекеттік қызметкерге айыппұл кесті. Сарапшы айыппұл мен мүлік тәркілеу, қызметтен шеттету коррупциямен күресте тиімді шара деп санайды.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, коррупциялық қылмысқа қатысты айыпталып, 10 жылға сотталған Серік Ахметовтің ісінде бетбұрыс байқала бастады.
Тағы