Кинотанушы, журналист. Лондонның Куин Мэри университетінің PhD зерттеушісі. Орталық Азияның мәдениеті мен интеллектуалдық тарихы, деколонизация және феминизм тақырыптарында қалам тербейді.
Мағжан Жұмабаев десе алдымен оның ұлтшылдығы, күрескерлігі мен махаббат лирикасы еске түседі. Оның әйел теңдігі туралы шығармаларын совет идеологиясының тар шеңберінде суреттейтіндер де бар. Патриархал қоғамда өмір сүрген ақынның феминистік идеалдарына, ол ұмтылған әйел теңдігіне көз салып көрейік.