2025 жылғы 1 маусымда Қытай мен Өзбекстанның визасыз тәртіп жөніндегі үкіметаралық келісімі күшіне енеді. Өзбек билігі бұл қадам туризмге және сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған дейді. Бірақ елде қытай инвесторларының қызметі сынға ұшырап отыр.