Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ұлы ұстазы» Нұрсұлтан Назарбаевты алғаш рет сынады. Ол екеуі бір ай бұрын ғана концертте бірге отырып, бірін бірі мақтаған. Сондай-ақ Тоқаевтың ұсынысымен Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды.
Қызылорда облысының 40-тан астам шаруа қожалығы екі жыл бұрын алған субсидияны кері қайтаруы мүмкін.
Бес жыл бұрын салынған Қызылорда іргесіндегі «Бәйтерек» ықшам ауданында жол жоқ. Сол кезде төселген тас ойылып қалған. Тұрғындар ауданда «мектеп те, бала-бақша да болмаған соң қалаға қатынаймыз, көпір болмаған соң жол да ұзақ» дейді.
Қызылорда облысы Арал ауданында "Аралтұз" кәсіпорнының жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп, үш күннен бері ереуілдеп жатыр. Мыңнан аса адам жалақы көтеруді талап етеді. Жұмысшылар сөзінше, 2014 жылдан бері айлық өспеген.
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде бес сотталушы абақтыдағы қысымға наразылық ретінде өзіне қол жұмсаған. Олар түрме басшылығының озбырлығына бола осындай қадамға барғанын айтады. Ал мекеме әкімшілігі "олар өздеріне назар аударғысы келеді" дейді.
Қызылорда қаласына қарасты "Сабалақ" саяжайының тұрғындары сапасыз су ішіп отырғанын айтып шағынды. Төрт мыңға жуық адам тұратын аумақ 2019 жылы қалаға қосылған. Мұны естіген жұрт жағдайымыз жақсарады деп сенген еді. Бірақ екі жылда еш өзгеріс болмаған.
Қызылорда түрмесінде жазасын өтеп жатқан жаңаөзендік белсенді Ержан Елшібаев өзін жарақаттап, оған 16 шілдеге қараған түні операция жасалған.
Қызылорда түрмесінде отырған азаматтық белсенді Ержан Елшібаев өзін жарақаттағаны туралы ақпарат тарады. Түрме әкімшілігі белсендінің өзін жарақаттағанын растайды, бірақ оқиғаның себебін түсіндірмей отыр.
Қызылорда облысындағы мыңнан аса адам тұратын Алдашбай ахун ауылында су арнасы құрғап кеткен. Мал ішірге су таппай, ауыл маңы кеуіп қалған. Тұрғындар "жергілікті билік суды әдейі жібермей қойды" дейді. Әкімдік мұны растап, осындай шешім қабылдауға мәжбүр болғанын айтады.
Қызылорда қаласында алты жасар бала жоғалып кетіп, екі күннен соң денесі үйінің маңындағы кәріз құдығынан табылды. Тұрғындар сөзінше, құдықтың қақпағы бекітілмеген.
Бүгін-ертең жұмысқа кіріскелі отырған қызылордалық кәсіпкерлер абдырап қалды. Коронавирус тарауы бойынша Қызылорда облысы қызыл аймаққа кірген соң көпшілік жиналатын орындар әзірге ашылмайтын болды. Кәсіпкерлер осы жолы жағдайымыз оңалмай ма деп қорқады.
Қызылорда облысында Қазақстан мен Қытайдың бірлескен компаниясында жұмыс істейтін 300-дей мұнайшы жалақы аз екенін айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Олар алатын айлық азық-түліктен аспайды дейді.
Қазақстанда бір айда бензин бағасы шамамен он пайыз қымбаттады. Жанармай бағасының өсуі елдегі барлық қалада байқалды. Бұған жұрт наразы. Ал экономист мұның жалпы нарыққа әсері тиеді деп отыр.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жер дауы. "ІІІ Интернационал" ауылының бір топ тұрғыны үлесіміздегі жерді өзгелер иеленіп алды дейді. Олар осы мәселемен сотқа да шағымданған. Ал жерді игергелі жатқан азамат тұралаған шаруашылыққа инвестиция салып жатырмын дейді.
Абақтыда отырған қызылордалық белсенді Мұратбай Баймағамбетов 1 сәуірдің кешінде жарақаттанып, ауруханаға түсті. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Полиция мен түрме әкімшілігі «Баймағамбетов өзін өлтірмек болды» деді. «Саяси тұтқынды» босатуды талап етіп жүргендер бұған сенбейді.
Қызылорда облысы Шаған ауылының тұрғындары жер дауына олыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың араласуын сұрап, Қызылордаға келді. Алайда әкім оларды қабылдаған жоқ, орынбасарын ғана жұмсаған.
Қызылордада бірінші топ мүгедектігі бар адамдар облыс әкімдігіне жиналды. 50-ден аса адам аймақ басшысы Гүлшара Әбдіхалықоваға мұң-мұқтажын айтуға келген. Арбаға таңылған және зағип адамдар жеке көмекшілерінің жалақысы ақпаннан бастап екі есе қысқарғанына наразы.
Қазақстанда айлығы ең төменгі жалақы – 34 мың теңгеден аз азаматтардың саны артып келеді. Ұлттық сатистика мәліметінше, 2020 жылдың соңында олардың саны 5,7 пайызға жеткен бұл шамамен бір миллионнан аса адам. Ал оның алдыңғы жылы сегіз жүз қырық мың адамнан аса яғни 4,5 пайыз болған. Осы ретте біз т
Қызылорда қаласында жөл жөндеумен айналысатын серіктестік жұмысы тоқтаса, жұмыс істейтін жүздеген адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Салық органдары серіктестікке 160 миллион теңгеге жуық айыппұл салған. Кәсіпкер "жұмысты тоқтатудан басқа амалым жоқ" дейді.
Қызылордада 55 шаршы метрлік уақытша баспананы паналап отырған көп балалы отбасының үйі өртеніп кетті. Былтыр туған шақалақты ешкім құтқарып үлгермеді.
Тағы