Ресей Батыстың кейбір елдерінен азық-түлік импорттауға тыйым салған соң Қазақстанда «бұл жергілікті нарық үшін ұтымды» деген сөздер айтыла бастады. Бірақ Қазақстанның өзі де импортқа тәуелді.
Қазақстан мен Қырғызстанның ортақ өзенді пайдалану мәселесіне АҚШ сарапшылары араласты. Олар ынтымақтасу бағдарламасын ұсынды. Енді суды таяқпен емес, компьютермен өлшейді.
Қазақстанның еңбекке қабілетті халқының үштен бірінің тұрақты жұмысы жоқ. Қазіргі «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» қартайғанда да қағаз жүзінде «қамтамасыз етілген» болып шығады.
Астананың мәлімдеуінше, «Еуразия экономикалық комиссиясы қызметі бағыттарының үштен бірі Қазақстанның бақылау құзырында болмақ». Бірақ бұл «өкілдік» қағаз жүзінде ғана ма – ол жағы белгісіз.
Бес жыл бұрын «Қазатомпром» басшысы Мұхтар Жәкішев тұтқындалды. Одан бір жыл бұрын ол «Қазақстан әлемдегі уран индустриясы көшбасшылары қатарына енуді жоспарлайды» деген. Бұл жоспар жартылай орындалды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары барысында Қазақстан экономикасына салынатын қомақты инвестиция туралы келісімге қол қойылды. Оның көбі энергетикалық ресурстарды өндіру мен тасымалдау саласына жұмсалмақ.
Астанада өткен Азия даму банкі форумында Қазақстан үкіметіне қаржы дағдарысына жол бермеу туралы ұсыныстар айтылды. Бірақ елдің банк жүйесі әлсіз деп бағаланды.
Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап жазған неміс тарихшысы Роберт Киндлер Азаттыққа берген сұхбатында «зардаптарына қарамастан, ашаршылықты геноцид деп есептемейтінін» айтты.
Батыстың бірнеше елі Украина билігін қолдау нышаны ретінде спутниктерін Ресей космодромдарынан ұшырудан бас тартты. Олардың арасында Ресей жалға алған Байқоңыр да бар.
Қазақстан ұлттық банкі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы жобасын ұсынды. Еуразия экономикалық одағы келісім-шартына қол қоймас бұрын Қазақстанда банктерді ірілендіруі мүмкін.
Жергілікті саясаткерлер мен сарапшылар «Кеден Одағына мүше елдердің авиация нарығы біріккен жағдайда Қазақстан әуе компаниялары ұтылады» деп есептейді.
Алып мұнай кенішінен мұнай өндірудің тоқтап қалуына арналған үкіметтің жабық мәжілісі туралы әлі жөнді ақпарат жоқ. Ақау шыққан құбырларды ауыстыру жобаның шығынын көбейтуі мүмкін.
Жергілікті банк жүйесі әлсіреген тұста Қазақстанды біртіндеп ресейлік капиталды банктері жайлап барады. Бұл Қазақстанның қаржы секторында Ресей ықпалы күшейгенін білдіре ме?
Қазір ипотека несиесін төлеу мыңдаған адамға қияметке айналды. Ипотекашылардың мәселесін шешуге банктердің өздерінен бөлек бірнеше тарап кірісіп отыр.
Жемқорлық проблемасын зерттейтін лондондық журналист Ник Кочан Азаттыққа берген сұхбатында «саясат пен бизнес араласып кеткен Қазақстанды парақорлық жайлаған» дейді.
Экономист Ораз Жандосов Азаттыққа берген сұхбатында «Қырымды бөліп алғаны үшін Батыстың Ресейге салатын санкциясы күшейсе де, Қазақстан көп зардап шекпейді» дейді.
Қазақстан, Беларусь және Ресей Еуразия Одағын құру туралы шартты дайындап жатыр. Астананың шарт жобасына қатысты ескертулері баспасөзде жарияланды.
ЕО мен Қазақстанның ынтымақтастық нығайту келіссөзінің жаңа кезеңі аяқталып келеді. Саясаттанушы Толғанай Үмбеталиева «Украинадағы жағдай келіссөзге белгілі бір әсерін тигізеді» деп санайды.
Кеден Одағына кіретін үш ел өзара тауар айналымын ұлғайтқанымен, Қазақстанның екі елмен саудасы жүрмей тұр. Сарапшылар мұның себебін Қазақстаннан өзінен көреді.
Қашаған кенішінен мұнай өндіру жұмыстарын қайта бастау мерзімі созылып кетті. Билік енді «Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші елдер ондығына кіреді» деген болжамын да тартына айтатын болды.
Тағы