Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Астанадағы Алматы аудандық соты ОСС компаниясының кәсіподақ жетекшісі Әмін Елеусіновты екі жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі прокурор мен мұнайшылар белсендісінің арасында жасалған сот-процесуалдық келісім негізінде шықты.
Парламент мәжілісінде халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты тыңдау өтті. Жиында денсаулық сақтау министрі елдегі фармацевтиканың жай-күйі туралы баяндады. Дәрі-дәрмек бағасы жөнінде қарапайым тұтынушылар не дейді? Қымбат дәріге көптің қолы жете ме? Астана, 12 мамыр 2017 жыл.
Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің құрметіне Астанада «Отан қорғаушылар» монументіне гүл қою және соғыс құрбандарын еске алу шарасы өтті. Оған соғыс және тыл ардагерлері қатысты.
Қазақстан қарулы күштерінің 25 жылдығы мен 9 мамыр - Жеңіс күні құрметіне Астанада әскери парад өтті. Астананың кей тұрғындары парадты көре алмағанына наразы.
Қазақстан қарулы күштерінің 25 жылдығы мен 9 мамыр - Жеңіс күні құрметіне Астанада әскери парад өтті. Кей тұрғындарды парад өтетін алаңға кіргізбеді.
3 мамыр - Халықаралық баспасөз еркіндігі күні. Азаттық тілшісі депутаттардан "Қазақстанда баспасөз еркіндігі бар ма?" деп сұрап көрген еді.
Астананың Алматы аудандық сотында ОСС мұнай компаниясының кәсіподақ жетекшісі Әмин Елеусіновке тағылған ресми айыптар оқылып, куәгерлер тыңдалды.
Қазақстанның қылмыстық кодексіне адамды азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалатын 21 бап енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада үкіметте заңдарды конституцияға енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру туралы заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.
Қазақстанда соңғы екі жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары 90 пайызға өскен. Бас прокурор Жақып Асанов президент жанындағы ұлттық комиссия отырысында осы туралы айтып, мұндай қылмыс жасаған адамның жазасын ауырлатуды сұрады.
Қиындыққа ұшыраған балаларға арналған жедел нөмір жобасына жетекшілік ететін мәжіліс депутаты Зағипа Балиева "бізге ересектер де проблемасын айтып хабарласады" дейді.
Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліппесінің стандартты нұсқасын қабылдауды жүктеді. Астаналықтардың пікірі.
Қазақстанның бірнеше облысында көктемде жайылған қызыл су елді әбігерге салды. Соңғы бір аптаның ішінде Қарағанды облысында тасқын салдарынан 5 адам қаза болған.
Павлодар әкімдігі түрмеден шыққан азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін "Қақпадан қарсы алу" жобасын бастаған. Кей құқық қорғаушылар бұл жобаның пайдасына сенбейді.
Павлодардағы «Стикс» мектебі оқушылары мен ата-аналар оқу орны жабылады деген ақпаратқа алаңдайды
Павлодардағы Алюминстрой шағын ауданы тұрғындары қала билігімен өткен соңғы кездесу нәтижесіне наразы. Олардың сөзінше, апатты деп танылған баспаналары үшін жаңа пәтер берудің орнына, билік екінші деңгейдегі жылжымайтын мүлік нарығынан баспана сатып алуға бес миллион теңге көлемінде ақшалай өтемақы ұсынған. Жұрт «бұл ақша бір бөлмелі пәтер сатып алуға ғана жетеді» дейді.
Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов тұрғындарға есеп берді. Кездесуге келген жұрттың арасында әкімге наразы пікір айтқандар да болды. Тұрғындар екі сағатта қала басшысына 20 шақты сұрақ қойды.
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жер туралы жаңа заң жобасымен таныстырды.
Павлодар облысындағы Парамоновка ауылындағы орта мектептің мұғалімдер ұжымында шыққан жанжалдың сотқа жететін түрі бар. Үш мұғалім оқу мекемесі директорының үстінен жазылған арызын қайтарған сот шешіміне қатысты апелляция шағымын әзірлеп жатыр. Азаттық тілшісі мектепке барып, істің мән-жайын анықтауға тырысып көрді.
Павлодар қаласы шетіндегі жер үйлердің тұрғындары "қар еріген кезде су жайылуы мүмкін, қазір оны өз күшімізбен тасып шығаруға ақшамыз жоқ" деп шағынады. Кей тұстардағы қасат қардың қалыңдығы 2 метрге жетеді.
Павлодар облысы Аққу ауылында тұратын етікші Бейбіт Хадисұлы аяқкиім тігетін өз кәсібін ашқан.
Тағы