Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Астанада отын тапшы екені бүгін көмір сататын орындарда анық байқалды. Оқиға орнына барған Азаттық тілшілеріне тұрғындар көмір жоқтығын айтып шағымданды. 6 қазан 2017 жыл.
Бірнеше күннен бері Қазақстанда бензин тапшылығы байқалып отыр. "Қазмұнайгаз" жанармай бекетінде отынды тек талонмен беріп жатыр. Кей бекеттерде көліктер ұзын-сонар кезекте тұр. Жанармай тапшылығын жою үшін не істеу қажет? Азаттық қоғам белсендісі Сырым Әбдірахмановтан қысқа сұқбат алды.
Азаттық Алматы облысындағы санитарлық авиация қызметінің Ан-28 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты парламент мәжілісі депутаттарының пікірін білді. Астана, 4 қазан 2017 жыл.
Астанада электр қуатының бір киловаты 13 теңгеге бағаланса, қаланың кей аумағында баға бөлек. «Полянка» тұтыну кооперативіне қарасты саяжай тұрғындары бір киловатт электр қуатына 22 теңге төлейтіндеріне наразы.
Астана қаласының әкімдігі қоғамдық көлікте тегін жүру үшін әрбір пәтер, офистер мен жеке үйлерден ай сайын 3 мың 800 теңгеден (1,7 АЕК) төлем алуды ұсынды. Азаттық тілшілері осы мәселеге орай Елорда тұрғындарының пікірін сұрап көрді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілет рейтингінде былтыр елу үшінші орында болған Қазақстан елу жетінші орынға төмендеді.
Қазақ тілін латын қарпіндегі әліпбиге көшіру мәселесімен айналысып жатқан жұмыс тобы бүгін баспасөзге арналған жиын өткізді. Олар "халықтың ұсыныс-кеңестерін ескеріп, жуырда нәтижесін шығармақ" жоспарларын айтады. Бірақ өз бетінше әліпби нұсқасын жасаған кей адамдар "шын мәнінде талқылау болып жатқа
Астанада салынып бітуі бірнеше жылға кешігіп жатқан «Оберег» тұрғын үй кешенінің үлескерлері наразылық білдіріп, құрылыс басына барды. Үй салуға міндетті компания басшылығы "тұрғын үй келесі жылы салынып бітеді" деп уәде етті. Ал үлескерлер "құрылысшыларға сенбейміз" дейді. Астана, 28 қыркүйек 2017
Астанадағы «Западный» саяжай массивінің тұрғындары өздерін қаламен төтелей қосатын көпірді күрделі жөндеуден өткізуді не жаңа көпір салып беруді сұрайды. Жергілікті биліктен әзірше бұған қатысты жауап алу мүмкін болмады.
Қазақстан парламент мәжілісінде ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жаза өтеушілерді әлеуметтік оңалту бойынша есебі және алдағы екі жылға арналған жоспары тыңдалды. Ресми деректер бойынша, соңғы бірнеше жылда Қазақстанда сегіз түрме жабылып, жаза өтеушілердің саны 2011 жылмен салыстырғанда
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылының тұрғындары балаларын мектепке апаратын автобустардың жетпейтінін, ауыл жолының нашарлығын айтып шағымданады. Қоянды ауылы - Астана іргесіндегі жылдам өсіп келе жатқан елдімекендердің бірі. Қазірдің өзінде ауылда 25 мың адам бар.
Астаналық үлескерлер бас прокурор Жақып Асановпен кездестіруді талап етіп бас прокуратураға келді. Олар құрылысы тоқтап қалған үй жуық арада салынып бітпесе, апатты баспанаға айналатынын айтады. Үлескерлермен кездесуге бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин шықты.
Латын әрпіндегі қазақ әліпбиінің кеше парламент талқысына түскен жалғыз нұсқасы білім және ғылым министріне ұнаған. Ал алфавитті мәжілісте таныстырған ғалымдар "100-ден астам ұсыныстан жүйрік шыққан нұсқаны" депутаттар таңдамағанын айтады.
Бүгін мәжілісте латын әрпіне негізделген қазақ әліпбиіне көшуге қатысты парламенттік тыңдау өтті. Оған мәжіліс депутаттары, жаңа алфавитке көшу үшін құрылған комиссия мен үкімет мүшелері қатысты. Бүгін ұсынған нұсқада 25 таңба, 8 диграф бар.
Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы екі қабатты үйдің 100-ге жуық тұрғыны "айналадағы зәулім үйлердің кесірінен баспаналарынан шыға алмай қалғандарына" наразы. Астана іргесіндегі бұл ауылдың әкімі мәселені бір апта ішінде шешетіндерін айтады.
Астанадағы мектептердің бірінің оқушыларының әке-шешелері ол мекемеде бала көптігін, орын тарлығын айтып наразы болды. Елдегі білім нысандарының құрылысына арналған бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мектептердің уақытында тапсырылмай жатқанын сынады.
Көкпардан Астанада өткен бірінші әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 4-1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Ақмола облысы Целиноград аудандық сотында «Преображенское су торабын реконструкциялау кезінде мемлекет қаржысын жымқырды» деп айыпталған алты адамға үкім шықты.
Өткен апта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Латынға өту – орыс тілінен, кирилл қарпінен бас тартуды білдірмейді. Қазақстанның орыстілді азаматтарына кириллица сақталады» деді. Қос әліпбидің қатар қолданылуы жайлы Азаттық астаналықтардан сұрап көрді.
АҚШ-та қазақша үйренген Крис Риз бен Габриэль Макгауйер Қазақстан астанасында қазақша сөйлесуге адам таппай қалатындарын айтады. Олар жергілікті халықтың шетелдіктермен орысша сөйлесу әдетін байқаған.
Тағы