Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Астанада көп балалы әйелдер тағы да жиналды. Олар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевпен кездесу үшін министрлікке барды.
Еуропарламент депутаттарының «Қазақстанда адам құқығы бұзылады» деген пікірімен қазақстандық әріптестері келісе ме?
Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алғаш рет қоғамдық қабылдау өткізіп, оған әр өңірден 35 тұрғын келген. Арызданушылардың көбі полиция қызметіне көңілі толмайтынын айтты.
Қазақстанда әлеуметтік желілер бұғаттала ма? Азаттық тілшілері осы сауалды парламент депутаттарына қойды.
"Ұлтаралық араздықты қоздырды" деп күдікке ілінген Серікжан Біләшқа қатысты тергеу Астанада жүреді.
Астанада "Нұр Отан" партиясының съезі өтіп жатқан кезде Қазақстанның бірнеше қаласында полиция билікке наразылық білдірген ондаған адамды ұстап әкеткен. Елдің ішкі істер министрлігі полицияның бұл әрекетіне қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасамады. Ал ұсталғандар не дейді?
Ақпанның 27-күні Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезі өтті. 3 жарым сағатқа созылған шара кезінде сөз алған делегаттар президент Нұрсұлтан Назарбаевты мадақтап, мақтады.
Қазақстан президентінің қызы, парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан жайлы Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді.
Астанадағы "Шар құрылыс" компаниясының үлескерлері тұрғын үй құрылысының созылып кеткеніне наразы.
Алматы әкімі Бауыржан Байбектің есеп беру жиынына келген бірнеше белсендіні полиция ұстаған. Әкім есебіне келген тұрғындар ішке кіре алмағанын айтып, шағымданған. Бұл қаншалықты заңды? Азаматтардың конституциялық құқығы тапталып жатқан жоқ па? Депутаттар пікірі.
Көп балалы аналар мәселесі әр жерде талқыланып жатыр. Аналар талабына қатысты мәжіліс депутаттары не дейді?
Астана, Алматы және Шымкент қаласында жұмыс істейтін жастар қолжетімді бағамен пәтер жалдау мүмкіндігіне ие болмақ. Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев жаңа баспана алу бағдарламасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Қазақстанға мониторинг жасауға келген Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының өкілдері Людмила Волошина мен Валерий Явтушенконы 15 ақпанда таңғы әуе рейсімен Астанадан Киевке депортациялады. Украина азаматтары Астана сотының шешімімен елден шығарылды.
Астанадағы "Нұр шашу" балабақшасының қызметкерлері мекемеден балаларға арналған тамақты ұрлайтынын айтқан белсенді баспасөз мәслихатын өткізді. Ал мәселенің мән жайын анықтауға барған Азаттық тілшілерін қарулы күзет қарсы алды.
Азаттық тілшілері сенат депутаттарынан президенттің үкіметті сынауына байланысты сұрап көрді. 30 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің жұмысын сынап, "қорқақсыңдар" деп сөккен.
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты денсаулық министрлігі мәлімдеме жасады. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі қорықшыларға шабуылдаған браконьерлердің қанша киік атқанын айтты.
Қорықшыларға шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр. Полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Күдіктілердің аты-жөндерін атамаған министр "олар - Қызылорда облысының тумалары" деді.
Ұлттық банк дерегінше, Қазақстан халқының жеті пайызы ғана 300 мың теңге табыс табады. Алты пайызға жуық тұрғынның табысы - 40 мың теңгеден төмен. Желтоқсанның соңында президент Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге берген сұқбатында "елдегі отбасылардың орташа табысы – 500 жүз мың теңге" деген.
Астанаға жақын Жібек Жолы ауылындағы мектепте жылу жоқ. Мыңға жуық оқушы сыныпта сырт киімдерін шешпей отырады. Билік мәселені шешеміз деп уәде берді. Бірақ ата-аналар сенбейді.
Тараз тұрғыны "дәрігерлердің сылғырттығынан баламның аяғы көгеріп кетті" дейді. Ал дәрігерлер бұл айыпты жоққа шығарады.
Тағы