Биыл күзде Астанада Қазақстан мен Ресей президенттері кездескеннен кейін, Өскемен, Семей мен Көкшетауда ресейлік компания жылу электр станцияларын салатыны мәлім болды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев болашақ ЖЭС-тер көмір жағатынын айтты. Экологтар қоршаған ортаға зиян ЖЭС салуға қарсы.
Биыл күзде Қазақстан мен Ресей президенттері Астанада кездескеннен кейін, Өскемен, Семей мен Көкшетауда ресейлік компания жылу электр станциясын салатыны мәлім болды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ол ЖЭС-тер көмірмен істейтінін айтты. Экологтар қоршаған ортаға зиян орталық салуға қарсы.
2021 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое кентінде "еуропалық технология” бойынша жылыту қазандығы салынуға тиіс болған. Мемлекеттен 1,6 млрд теңге қаржы да құйылған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Қиялдағы жылыту қазандығының тек темір қаңқасы тұр. Тұрғындар от жағудың азабын айтып шағынады.
Өскеменде 28-29 қарашада ауа сапасы нашарлап, ШҚО төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасты деп жариялады. Мұндай жағдай қалада бір айда бірнеше рет болады. Жергілікті билік балаларды сыртқа шығармауға, терезені ашпауға кеңес береді.
Тараздық Ербол Жұманов – Қаңтарға қатысқандар ішінде ең ауыр жазаның бірін алған адам. Ол "Ұлттық қауіпсіздік комитеті подполковнигін атып өлтірді" және "қару ұрлап, сақтады" деген айыппен 16 жылға сотталды. Жақындары қылмыстың айғағы жоқ дейді және Ерболды "жүйенің құрбаны" деп санайды.
Қаңтар оқиғасында Таразда “ҰҚК подполковнигін өлтірді” деп 16 жылға сотталған Ербол Жұманов айыпты мойындамайды. Бақылау камерасындағы жазбаларды қолына түсірген оның ағасы “ҰҚК мен әскер “атысқан”, офицер сол кезде мерт болған" дейді. Бірақ сот нұсқасы басқа. Азаттық іс материалдарына шолып шықты.
Глубокое кентінде билік уәде еткен қазандық неге салынбады? Жобаға аймақтың бұрынғы басшысы Даниал Ахметовтің не қатысы бар? Әкімдік бітпеген құрылыстың бұрынғы мердігерімен неге жаңа келісімшартқа отырды? Азаттық осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Украина қарулы күштері Херсон облысында орналасқан Ресейдің әскери базасын әуеден атты. Израиль ХАМАС қарулы ұйымының көпқабатты үй астындағы туннелін тапты. Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Қытай билігі үш жылда жүздеген мешітті жауып тастағаны туралы баяндама жариялады.
Өскемендегі жаздық бау-бақша серіктестіктерін, яғни саяжайларды 14 мың адам қыстап шығады. Бірақ заң бойынша, саяжай аумағы жыл бойы мекендеуге арналмағандықтан, инфрақұрылым жүргізуге бюджеттен арнайы қаражат бөлінбейді. Халық жол, жарық сынды өзекті мәселелердің зардабын тартуға мәжбүр.
14 қараша түнде Украинаның Донецк облысындағы көпқабатты үйге зымыран түсіп, бір адам қаза тапты. Украина Ресейді айыптайды. Израиль Газа қаласындағы ең үлкен Әл-Шифа ауруханасына басып кірді. Қытай төрағасы Си-Цзиньпин жеті жылда бірінші рет АҚШ-қа сапарлап барды.
Пәкістан билігі елдегі ауған азаматтарын шекарадан күштеп шығарып жатыр. Бір ай бұрын билік оларға өз еркімен елден кету туралы шарт қойған. "Бірақ талап орындалмады" дейді. Ал Израиль Газа қаласын толықтай қоршауға алып, құрлық операциясы кезінде ХАМАС-тың бір командирін өлтіргенін хабарлады.
Әлемде балалар соғыс зардабын тартып жатыр. Газа секторында кейінгі 18 күнде жарылыстан қаза тапқан бала саны 2300-ден асқан. Ал Украинада кемі 500 бүлдіршін мерт болып, жиырма мыңға жуығы Ресейге күшпен әкетілгені айтылады.
Өскемендік белсенді, заңгер Алексей Божков уран қалдықтары төгілген аумақты анықтап, халықты сақтандыруды талап етіп жүр. Екі инстацияда қала әкімдігін сотта жеңіп те шыққан.
17 қазан күні Газа секторындағы ауруханадағы жарылысқа Израиль мен ХАМАС бірін бірі айыптайды. Түрлі видео, фото сурет жариялап, дәлел ұсынып жатыр. Ал халықаралық қауымдастық оқиға құрбандарының тым көп болғанына қайғырып, жанжалды дереу тоқтатуға шақырады.
Төрт күн бұрынғы жойқын зілзаладан мыңдаған адам зардап шеккен Ауғанстанның таулы өлкесінде еріктілер қабір қазып, үйінді астынан шығарылған мәйіттерді жерлеп жатыр. Құрбандар саны әлі де нақты емес. Ал Ресей Украинаның астық экспортталатын маңызды аймақтарына тағы да шабуылдады. Адам шығыны жоқ,
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарындағы Қалбатау –Майқапшағай тасжолы алты жылдан бері жөнделіп жатыр. Азаттық "жобадан 21 миллиард теңге жымқырған" деп атышулы болған мердігер компанияның қожайындары кім екенін анықтап көрді. Құзырлы органдар қаржы жымқыруға негізгі кінәлі кім екенін айтпай отыр.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан басшылары С5+1 форматында Германия канцлерімен, президентімен кездесті. Кездесу өтіп жатқанда Берлинде осы елдердің белсенділері жиналып, наразылық акциясын ұйымдастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болған соң мемлекеттік мекемелер оның портретін сатып алуды бастаған. Қаңтар оқиғасы болған 2022 жылдан бері тендер саны арта түскені байқалады. Кейбір мекемелер портретті мемлекеттік рәміздерге бөлінетін қаржыға қосып есептейді.
Тағы