Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Ресей шетелдік жұмысшыларға орыс тілінен емтихан тапсыртуды жоспарлап отыр. Заңға мұндай түзету енгізген – «Единая Россия» партиясының атынан өкілдік етуші депутаттар.
Қазіргі кезде Тәжікстанда бір ер адамға төрт әйелден келеді. Сарапшылар мұны еңбек миграциясының салдары деп түсіндіреді. Тәжікстанда жыл сайын еңбек жасындағы миллионнан астам адам, негізінен ер-азаматтар, жұмыс іздеп шетелге кетуге мәжбүр.
Ресей мемлекеттік думасының депутаттары педофилдердің жазасын қатайтатын заң жобасын алғашқы оқылымда-ақ қабылдады. Химиялық кастрация жасау (ер адамды еркектік қабілетінен айыру) және өмір бойы түрмеге қамауды парламенттегі фракциялардың бәрі қолдады.
«Қоянды-2» саяжайының тұрғындары су, электр жарығы және қоғамдық көлікті талап еткелі алты жыл болды. Олардың айтуынша, билік бәрін істеуге уәде еткен, бірақ ештеңе де жасамаған. Шенеуніктер «саяжай адамдар тұратын жер емес» дейді.
Қарағанды облысы Долинка елді мекеніндегі түрменің бес тұтқыны түрме бастығының орынбасары Ғалымжан Рысбаевтың үстінен бас прокурорға шағымданды.
«Қазақтелеком» www.djamat.wordpress.com және www.caucase.wordpress.com блогтарының таралуын техникалық тұрғыдан тоқтата алмағандығын, сол себепті Wordpress порталындағы барлық платформаға кіруді тыйып тастағанын мойындады.
Кейбір өнер адамдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні жақындаған сайын оған қандай сыйлық дайындағандарын жариялап жатыр. Сондай сыйдың бірі – «Терең тамырлар» деп аталатын жаңа пьесада Назарбаев орманда жүреді.
Қазақстан азаматы Валентина Убиева түркімен шекарасынан өте алмады. Себебі түркімен кеденшілері оның жаңа құжатындағы электронды мәліметті оқи алмаған.
Тұтқындардың туған-туыстары Астанаға келіп, Атбасар түрмесін тексеруге қайтадан комиссия жіберуді талап етті. Олардың пікірлерінше Ирак Елекеев бастаған комиссия бұл міндетті атқара алмаған.
Мемлекеттік интернат мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты зерттеудің қорытындысы осындай болды.
Мамырдың 24-і күні Астанада Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысы маңында автокөлікте жарылыстан екі адамның мерт болғанын хабарлаған ішкі істер министрлігі «бұл оқиға террорлық акция емес» деп сендіргісі келеді.
Ресейдегі Тверь облысы Ржев қаласында Қырғызстаннан барған 267 өзбек баласы оқып жатыр. Олардың аграрлық колледжге түсуіне жерлестері, ғарышкер Салижан Шарипов көмектесті. Бірақ Ресей қаласының билігі бұл студенттерге күдіктене қарайды.
Өзбек құқық қорғаушылары 13 мамырды Аза күні деп жариялауды сұрап отыр. Әндіжандағы қанды қырғынды басқаларды айтпағанда Орталық Азияның өзі де сирек еске алатын болды. Бұл өңірдің биліктері Әндіжан қырғынына тыжырына қарайды.
Маңғыстау облысының тұрғыны Каспий теңізінің жағасында итбалықтардың өлі денелері жатқанын хабарлады. Жергілікті экологтар олардың не себептен қырылғанын анықтауға енді кіріспек. Ал облыс басшылары жеңіс күнін тойлап жүр.
Өзбекстанның Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттігі наурыз айында даяр өнімдердің жапсырмаларында «халал» белгісін пайдалануға тыйым салды.
Фашист тұтқынында болған Надежда Фартусова өзінің Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері екенін 15 жыл бойы дәлелдей алмай келеді. Ол тек «концлагерь тұтқыны» ретінде әлеуметтік қорғау органдарының тізіміне ілінген.
Астана қаласында наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шаралар қаланың ескі бөлігіндегі бұрынғы парламент ғимараты мен сол жағалаудағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтті.
«Сайлауға барма, билікке «Жетер!» де» деген жазуы бар парақшалар Астанаға да жетті. Бұл үндеудің иесі оппозициялық тіркелмеген «Алға» партиясының Астанадағы филиалы екен.
Қатаң режимдегі УК 161/2 түрмесінде бүлік шығып, ол жерге арнайы жасақ кіргізілгені туралы хабар алған сотталушылардың туыстары Қостанайға келді.
«Қызым орамал тағып жүрсін деген адам болса, онда тек мектептен тыс жерде, күнделікті тұрмыста ғана тақсын» деп мәлімдеді Әзербайжанның ішкі істер министрі Рамиль Усубов. Әзербайжанда мұндай тыйым наразылық тудырды.
Тағы